ШЫМКЕНТТЕ ТАҒЫ 100 ОРЫНДЫҚ КОВИДТІ СТАЦИОНАР АШЫЛДЫ

0
108

Шымкент қаласында тағы 100 орындық инфекциялық стационар ашылдыдеп хабарлайды Infonews.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.қаладағы  «Қазғұрт» шағын ауданында ашылған орталықта коронавирус және пневмонияға шалдыққан науқастар емделеді. Бұл үшін мұнда өкпені жасанды желдету, боброва, оттегі нүктелері мен инфекциялық ауруға шалдыққан науқастарды емдеуге арналған жабдықтар орнатылған.Иинфекциялық стационардың жұмыс сапасы мен құрал-жабдықдарының барлығы дерлік жоғары сапаға ие.

Шымкент қаласы Денсаулық сақтау мекемесінің жұмыс барысымен қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан арнайы барып танысты. Науқастарды емдеуге арналған дәрілік қордың жеткілікті болуын қадағалауды салалық басқарма басшысына тапсырды. Сонымен бірге медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін сақтау мақсатында арнайы киімдермен қамтылуын айтты.
«Klinika QaZygurt» медициналық орталығының базасында ашылған инфекциялық стационарда 10 орынға арналған жансақтау бөлімшесі бар.
Айта кетейік қазір мұнда 22 науқас жатқызылып, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде көмек көрсетілуде.

Leave a reply