ӘЛЕУМЕТТІК ТАУАРЛАРДЫҢ БАҒАСЫ ТҰРАҚТАЛЫП КЕЛЕДІ
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы біршама тұрақтана бастады, деп хабарлайды Infonews.kz ақпарат агенттігі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Берік Айдарбекұлы Бекжанов пен қалалық мәслихаттың депутаты, фракция мүшесі Жадыра Нағашыбайқызы Таңатарова Төлеметов көшесінің бойында орналасқан GRAmad супермаркетінде болып, сонда келген сатып алушылармен кездесті.
Тұрғындар көп тұтынатын азық-түлік бағаларын осыдан біраз уақыт бұрынғы уақытпен салыстырып, бағаның тұрақталғанына куә болды. Мысалы, картофельдің бір килограмы 99-185 теңге аралығында.
Дүкенге келген сатып алушылар да бағаның осыдан бір ай уақыт бұрынға қарағанда әлдеқайда арзандап қалғанын айтты. Бір бөлке әлеуметтік нан қаладағы өзге дүкендерге қарағанда осында арзан болып шықты. Мұндағы баға 67 теңге. Басқа магазиндерге қарағанда 3 теңгеге арзан. Айта кетейік, ұн, қанттың бағасы да тұрақты күйде.