ШЫМКЕНТТЕ 2 ТАМЫЗДАН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛЕДІ

0
106

Шымкент қаласы 1-ші шілдеден бастап қызыл аймаққа енген. Шектеу күшейгенмен соңғы аптада каронавирус көрсеткіші күрт өсіп отыр. Вирус жұқтырғандар күніне 500 адамнан асуда. Осыған байланысты еліміздің 5 ірі қаласына логдаун енгізіледі. Эпидемиологиялық ақуалдың күрделуіне байланысты ведомство аралық комиссияның шешіміне сәйкес Шымкентте де 2-ші тамыз бен 16-шы тамыз аралығында шектеу шаралары күшейтіледі.

Логдаун кезінде өткен жылғыдай қала шекарасына блок бекеттер қойылмайды. Базарлар толық жабылады. Дегенмен азық-түлік базарларының мәселесі әліде қаралып жатқан көрінеді. Себебі сатушылар кейбір азық-түлік түрлері мен жеміс жидектер тез бұзылып кетеді деп отыр. Ал, қоғамдық көліктерге жұмыс күндері жүруге рұқсат. Ашық жобасына қатыспаған барлық бизнес нысандар жабылады. Шымкентте бұл тізімге 700-ден астам ғана нысан енген.

Қаулыға сәйкес көптеген нысандар жұмыстарын тоқтатады. Ашық жобасына қатысушы нысандар жұмысын жалғастыра береді. Бірақ олардың өздері сенбі жексенбі күндері жұмыстарын тоқтатады.

Шымкентте шектеуді күшейтуден басқа шара болмай тұр. Себебі  каронавирус көрсеткіші күн санап өсуде.Қаладағы стационарлар науқастарға лық толы. Каронавирустан сақтанудың қарапайым қағидасы санитарлық талаптар. Одан кейін көпшілік орынға бармай, жүріс-тұрысты шектеу. Ауруды жеңудің жалғыз жолы вакцинация, — дейді дәрігерлер.

Leave a reply