МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Шымкент қаласы Еңбекші ауданында арнайы құрылған мониторингтік топ тұрақты түрде бірнеше ай бойы күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда. Күн сайын карантин талаптарын бұзушылар анықталуда.
Атап айтқанда, К.Тленшин көшесінде орналасқан «Олжа» мейрамханасында каратин талаптарын елемей 100-ден аса келушілермен өткізіліп жатқан тойды анықтады. Яғни, карантин талаптарының бұзылғаны анықталды.
Сондай-ақ, Т.Рысқұлов көшесінде «NORTH» 3-ші қабатында орналасқан THE 6 IX барына мониторинг жүргізу барысында карантиндік талаптарды сақтамай сенбі күні жұмыс жасап жатқаны және келушілердің хор-хор (кальян) тұтынып, көңіл көтеріп отырғаны анықталды.
Жоғарыда аталған мекемелер карантин режимін бұзып, есіктерін жауып жұмыс жасаған.
Айта кетейік, барлық жағдай бойынша әкімшілік шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына рапорт жолданды.
Бүгінде Шымкент қаласы «қызыл» аймақта тұр. Қаладағы эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып қалуда, күн сайын 500-ден астам адамнан КВИ анықталады. Сондықтан аудан тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандары коронавирус инфекциясының одан әрі таралуын болдырмау үшін санитарлық нормалар мен карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз!