ПРЕЗИДЕНТТІҢ БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫ ДАМЫТУ ТАПСЫРМАСЫ ШЫМКЕНТТЕ ЖҮЙЕЛІ ОРЫНДАЛУДА
Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту, оның ішінде балалар мен жасөспірімдерге спорттың барлық түрлерімен тегін айналысуға мүмкіндік жасау туралы тапсырмасы Шымкентте жүйелі орындалуда.
Шымкент қаласында балалар спорт секцияларын жан басына қаржыландыру енгізілді. Бұл тапсырыс аясында, кәсіпкерлер мемлекет есебінен спорттың 71 түрі бойынша қаржыландырылып, 4 жастан 18 жасқа дейінгі балалар өздерінің таңдауы бойынша спорт секцияларында тегін жаттыға алады. Бұл жоба Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған балаларға мемлекеттік бюджет есебінен спорттық секциялар мен шығармашылық үйірмелерге тегін баруға мүмкіндік беретін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы аясында жүзеге асып отыр.
Бұл балалар мен жасөспірімдердің дені сау, салауатты өмір сүріп елдің ертеңіне сенімді азаматтар болып қалыптасуын қамтамасыз етуге септік етеді. Әрі кәсіпкерлердің бұқаралық спорт нысандарын, балаларға арналған спорт түрлері секцияларын көбірек ашуына мүдделілігін арттырады.
Егер мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс жасағыңыз келсе жеткізушілер тізіліміне қосылу үшін https://artsport.edu.kz порталына тіркеліңіз. Жеткізушіге арналған нұсқаулықпен танысып, толтырсаңыз болады.
Толық ақпаратты 8 (7252) 36-51-50, 8 702-502-16-11, 8-702-521-01-21 байланыс нөмірлеріне хабарласып біле аласыздар.