КАРАНТИН РЕЖИМІН САҚТАУ БОЙЫНША 662 НЫСАНҒА ТЕКСЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

0
117

Шымкент қаласында өткен тәулік ішінде 8481 адам вакцина салдырды: I компонент-3118, II компонент-5363. Егу науқаны басталғалы барлығы 371 561 адам вакциналанды. Оның ішінде 278 988 адам вакцинаның екі компонентін алды.

2 тамыз күні КВИ-дің 575 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 462, белгілері жоқ – 113). 284 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 291 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 3 220 орын бар. Төсек-орын толымдығы 73 %-ды құрайды.

Сонымен қатар, өткен тәулікте 662 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 15 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Шаhарда эпидемиологиялық ахуал әлі де күрделі жағдайда. Бұл ретте қала тұрғындарын қоғамдық орындарда бетперделік режимді сақтап, тезірек екпе алуға шақырамыз.
Қаланың медициналық ұйымдарында COVID-19 індетіне қарсы екі айлық дәрілік заттар және медициналық бұйымдар қоры бар. Дәріханаларды қосып есептегенде дене қызуын төмендететін дәрілер 1 млн. 261 мың науқасқа, вирусқа қарсы препараттар 217 675 науқасқа, антибиотиктер 313 800 науқасқа, антикоагулянттар 13 383 науқасқа, гормоналды препараттар 53 192 науқасты емдеп шығуға жетеді. Мониторингтік топтар 20 885 объектіде рейдтік іс-шаралар жүргізді, нәтижесінде 2 046 хаттама толтырылды және 130 млн.теңге айыппұл салынды. Қала әкімдігі жанынан ашылған call-center тәулік бойы жұмыс жасауда.
Қаладағы 4748 бизнес субьектісі «Ashyq» жобасына қосылды, оған келушілердің статусын анықтау барысында 139 қызыл және 229 сары мәртебелі азаматтар анықталған.

Leave a reply