ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШІ – БАСТЫ НАЗАРДА

0
135
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исахов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша онлайн қабылдады деп хабарлайды Infonews.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қабылдаудағы мәселелердің басым көпшілігі қоғамдық көліктердің жүру жүйесі мен шағын аудандардағы ішкі орам көшелерді асфальттау және заңсыз салынып жатқан кәсіп нысандары мен спорттық алаңшаларға, сондай-ақ, қаланы жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз етуге қатысты болды.
Аталған мәселелер бойынша тиісті басқармалардың басшыларына жүктедіү Сондай-ақ дер кезінде шешімін табуы үшін Мақсұт Пернебайұлы басқарма басшыларына тұрғындарға орын алған жәйттарға қатысты кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізуді, орындалуы тиіс шараларды уақыт созбай қолға алуды тапсырды.
Айта кетейік, карантиндік талаптарға байланысты азаматтарды қабылдау онлайн режимде, WhatsApp желісінің видеоқоңырау жүйесі арқылы жүргізілді.
Тұрғындар қабылдауға қала әкімдігінің ресми сайтына өтінім қалдыру арқылы және әлеуметтік желідегі жеке парақшасына хат жолдау арқылы алдын ала жазылған.

Leave a reply