«ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ» БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

0
127

Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандары Қаратау ауданының бітіруші түлектеріне «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

«Жастар практикасы» – жас мамандарға тәжірибе жинақтау мақсатында 25 АЕК көлемінде айлық жалақыны қамтитын мемлекеттік бағдарлама. Талапқа сәйкес, қатысушының жасы 29-дан аспауы тиіс және «жұмыссыз» мәртебесі болуы керек. Соңғы үш жыл ішінде (2019-2021ж.) жоғары оқу орындары мен колледжердің түлектері бір-ақ рет қатыса алады.

Жалпы биыл қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы тарапынан 2500 жасты аталған бағдарлама аясында жұмыспен қамту жоспарланған. Жыл басынан бері 1000-нан аса шымкенттік жас тәжирибеден өтуде. Былтыр 3 мыңға жуық жас аталған бағдарламамен жұмыспен қамтылып, оның 536-сы тұрақты жұмысқа орналасқан.

Айта кетейік, биылғы маусым айында Шымкент қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» АҚ және «AZALA Textile» ЖШС жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында өзара бірлескен меморандумға қол қойды. Қазіргі таңда «Оңтүстік» АЭА-да 25 жоба іске қосылып, жалпы 2293 жұмыс орны құрылған. Ал 2021-2023 жылдары 2000-нан аса жұмыс орнымен тағы 23 жобаны іске қосу жоспарлануда.

Leave a reply