Saturday, November 23

ГҮЛЗАР ЖАҢА КЕЙІПКЕ ЕНДІ

0
100

Шымкентте Әл-Фараби ауданына қарасты «Спорт» гүлзарына көріктендіру, абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, демалыс аймағы жаңа кейіпке енді. Қажымұқан атындағы стадион маңында орналасқан гүлзардың аумағы 1 гектардан асады. Құрылыс жұмыстарын Шымкент қалалық энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасының тапсырмасымен бас мердігер «Шымкент Спец Комплекс» ЖШС атқарған.

Мұнда 5560 шаршы метр жерге плита тақтайшалар төселіп, 68 дана жарықшам, 50 дана ерекше шағын сәулеттік пішіндер орнатылған. Оған қосымша фонтан да бар. Гүлдер отырғызылып, балалар ойнайтын арнайы алаңшалар да қарастырылған.

Демалыс орны бүгінде энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасынан қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының балансына өткізіліп, басқарма мамандары күтім жасауда.

Айта кетейік, Әл-Фараби ауданында 13 саябақ, 18 гүлзар мен 11 субұрқақ бар. Өткен жылы Қабанбай батыр  көшесінің бойында орналасқан Чернобыль апаттарының құрбандарына арналған ескерткіш-аллеясы, Ж.Тәшенов көшесінің бойындағы  Шәмші аллеясы, Әл-Фараби алаңы бойындағы Орыс драма театрының  су бұрқақ орны күрделі жөндеуден өткізілсе, Д.Қонаев-Ғ.Іляев, Д.Қонаев- Түркістан көшелерінің қиылысындағы аллеялар абаттандырылды.

Leave a reply