КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН ОТБАСЫЛЫҚ ІС-ШАРА ТОҚТАТЫЛДЫ

0
100

Шымкент қаласының аудан аумақтарында карантиндік талаптардың сақталуына мониторинг жұмыстары тұрақты атқарылуда.

Осындай кезекті рейд барысында Абай ауданы бойынша мобильдік топ мониторинг барысында «Олжа» және «Екі шал» дәмханаларында туған күн іс-шарасының өтіп жатқанын анықтады. Нәтижесінде іс-шара тоқтатылды.

Ал өткен тәулікте Шымкент қаласында 303 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 23 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Шымкент қаласында эпидахуалдың тұрақсыз болуына орай, коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында жаппай бетперде тарату және ауқымды дезинфекциялау жұмыстары атқарылуда. Залалсыздандыру жұмыстары қоғамдық көліктерде, теміржол вокзалы мен халықаралық әуежайда және адамдар көп жиналатын қоғамдық орындарда жүргізілуде.

Дезинфекциялау қоғамдық көліктерде күніне екі рет жүргізіледі. Карантин талаптарына сәйкес ревизорлы бақылау қызметкерлерініңде киім үлгісі өзгерген. Жалпы қалада 16 тасымалдаушы болса, онда 1050 қоғамдық көлік тұрғындарға қызмет көрсетуде. Халыққа барлық жерде бетперде тағу міндеттелген.

Leave a reply