ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА АҒАШ СУҒАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының басты көшелерінде жасыл желектерді суғару, оларды қопсыту жұмыстары жалғасын табуда.
Бүгінде Ахмет Байтұрсынов, Әліби Жангелдин, Қазыбек би, Дулати, Қабанбай батыр, Қазиев көшелері бойындағы талдар суғарылып, судың ұзақ сақталып, толық сіңуі үшін арнайы шұңқырлар (лунка) жасалып жатыр.
Сондай-ақ, аптап ыстықта жанға сая болатын дарақтардың қураған бұталарын қырқу жұмыстары да жүргізілуде.
Айта кетейік, Әл-Фараби ауданында маусымдық кезеңде жоспарланған 18 525 дана роза гүл, 6 370 дана жай жапырақты ағаш (клен, тұт, емен, акация, қара ағаш, ясень) көшеті және 427 дана қылқан жапырақты ағаш көшеті (Қырым қарағайы, кәдімгі қарағай) отырғызылған болатын. Ал ауданның басты көшелерінің бойында 17 420 дана ағаш түбі əктеліп, 24 дана түрлі ағаш көшетін отырғызу жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар, Түркістан көшесі мен Ордабасы алаңына 815 шаршы метр газон егу жұмысы атқарылған. Оған қоса, аудан аумағында 183 882 дана көпжылдық гүл егу жоспарланған.