ШЫМКЕНТ: ЕКПЕ АЛҒАНДАРДЫҢ ҚАТАРЫ АРТЫП, 381 МЫҢ АДАМҒА ЖЕТІП ОТЫР

0
108

Шымкент қаласында эпидемиологиялық ахуал әлі де күрделеніп отыр. Өткен тәулікте қаладағы 538 азаматтан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның ішінде 447-сі белгілері бар болса, 91-де белгілері жоқ. Індет жұқтырған 279 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 259 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 3 580 орын бар, төсек орын толымдығы 71%-ды құрайды, 1017 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 2563 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 498 төсек орын бар, 338 науқас ем қабылдауда.

Бір тәулік ішінде қалада 7245 адам вакцина алды (I компонент-2445, II компонент-4800). Егу науқаны басталғалы барлығы 381 322 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 299 243 адам вакцинаның екі компонентін салдырған.

Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 40 мобильдік топ 6 тамыз күні 735 нысанға тексеру жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде 17 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылған. Жалпы вирусты жұқтыру қаупі жоғары, адамдар көп шоғырланатын жерлер қатаң бақылауда.

Leave a reply