МОБИЛЬДІ БРИГАДАЛАР НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДЕ

0
116

Өткен тәулікте covid-19 инфекциясын жұқтырған 650 жағдай (516 симптоммен, 134 симптомсыз) тіркелген. Оның ішінде 211 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 439 адам үй бақылауына алынды. Бұл туралы Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Сондай-ақ бір тәулік ішінде қалада 3250 адам вакцина алды
(I компонент-1018, II компонент-2232). Егу науқаны басталғалы барлығы 368 443 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 273 625 адам вакцинаның екі компонентін алды.

Дәрігерлер онсыз да өршіп тұрған аурушаңдықты қауіпті инфекциядан өз бетінше емделгісі келгендер асқырындырып тұр дейді. Өлім-жітім жағдайын арттырып отырғандар да үйде жатып ем алғандар. Бұл ретте медицина мамандары қала тұрғындарына карантиндік шараларды сақтауға шақырады.

Айта кетейік, бүгінгі күні қалада 211 мобильді топ жұмыс істеуде. Бұл ретте, мобильді бригадалардың жұмысы қатаң бақылауда. Салаға жауаптылар әр емханада аудио және бейне қоңыраулар арқылы қашықтықтан консультациялық медициналық көмек көрсету үшін 3 консультациялық топ іске қосылған дейді. Демалыс күндері жедел жәрдемге 3 мыңнан астам тұрғын қоңырау шалған.  Мобильді топтардың да күнделікті жұмыс жүктемесі артып келеді. Әр топ шамамен 20 шақыртуға шығады.

Leave a reply