ТОЙХАНАЛАРҒА МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ
Шымкент қаласы Абай ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері учаскелік полиция қызметкерлерімен бірге аудан аумағында орналасқан барлық тойханаларда той өткізбеу шараларын қатаң қадағалауда деп хабарлайды Infonews.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осыған орай аудан әкімі Б.Парманов Қызылжар (Коммунизм), Қатынкөпір, Ынтымақ шағынаудандарында және Темірлан тас жолы, А-2 тас жолы, Жиделібайсын көшелері бойындағы тойханаларға бақылау жасап, карантин талаптарының орындалуын тексерді. Сондай-ақ тұрғындар мен кәсіпкерлерге карантиндік санитарлық талаптарды қатағ түрде сақтау қажеттігі түсіндірілді.
Сонымен қатар, 2021-2022 жылдарға арналған жылу маусымына дайындық жұмыстарын бақылап, көпқабатты тұрғын үйлерінің жер асты жылу құбырларының жөндеу жұмыстарын тексерді. Жалпы Абай ауданы бойынша 416 көпқабатты тұрғын үй орталық жылу жүйесіне қосылған.
Қазіргі таңда аудан бойынша тұрғын үйлердің 54,8 пайызы жылу маусымына дайын. Сонымен қатар, жылу маусымына дайындық жұмыстарын ағымдағы жылдың 15 тамызына дейін 70 пайыздан асыру жоспарлануда.