ШЫМКЕНТТЕГІ ПЛАСТИКАЛЫҚ ӨНІМ ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТТА 30 АДАМ ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАН

0
124

Шымкенттегі «Оңтүстік» индустриалды аймағында теңдесі жоқ бірегей өнім полипролпилен парақтары шығарылады. Одан әртүрлі сұйықтықтарды сақтауға арналған үлкен көлемді цистерналар, бассейндер мен аквапарктердегі сырғанақтар жасалады.

«ЮгРегионПласт» ЖШС зауыты «Бизнестің жол картасы-2020»  және «Индустрияландыру картасы» бағдарламаларының аясында қолға алынып. Негізі  2011 жылы қаланып, бүгінде қарқынды жұмыс істеп келеді. Алғашқы өнімін 2013 жылы шығарған. Жылдық қуаттылығы 64 мың  шаршы метр. Өндіріс ошағындағы техникалардың барлығы шетелдік. Арнайы тапсырыспен Қытайдан әкелінген.  Бір қуанарлығы кәсіпорындағы қондырғыларда жергілікті халық еңбек етеді. Барлығы заманауи құрылығылардың тілін жетік меңгеріп алған. Қазіргі таңда зауытта 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Айта кетейік, тауарға сұраныс көбінесе шет мемлекеттерден түседі. Оның ішінде Өзбекстан, Қырғызстан мен Ресей елдері бар. Ал, өзіміздің өңірлерден Павлодар, Маңғыстау қалаларын пластикалық өнімдермен қамтамасыз етіп отыр. Зауыт басшысы алдағы уақытта жылдық қуаттылығын арттырып, жұмыс күшін көбейтуді көздеп отыр.

Зауыт өз өнімдеріне 50 жылдық кепілдік береді.Сондай-ақ өнімнің пластикалық болғанына қарамастан, өндірістің табиғатқа зияны жоқ.

Leave a reply