ШЫМКЕНТ: DENDROPARK ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІН РЕЗЕРВТЕУ БАСТАЛДЫ

0
111

Шымкентте Dendropark тұрғын үй кешенін резервтеу басталды. Асанбай Асқаров атындағы дендропарктың жанында орналасқан тұрғын үй кешенінің басты артықшылығы –  қаланың ең көркем жерінде орналасуында.

Dendropark бизнес және комфорт класс тұрғын үйлерден тұрады. Алғашқы кезек – Қ. Төлеметов көшесінің бойында орналасқан 12 және 16 қабатты үйлер. Жобаның сәулетін ұлттық нақыштағы элементтер ерекшелендіреді.

Сонымен қатар тұрғын үй кешенінде тұрғындардың қауіпсіздігіне баса назар аударылады. Ол үшін тәулік бойы  бейнебақылау камералары және күзет қызметі жұмыс істейді.

–Заманауи сәнді холлдар – жобаның тағы бір артықшылығы. Интерьер шығыс стилінде орындалған. Холлдар биік төбелер мен табиғи түстердің үйлесімімен әсемделген. Бірінші қабаттағы төбелердің биіктігі – 4,5 м, пәтерлерде – 3 м. Кешенде 1-ден 4 қабатқа дейін пәтерлер бар, дейді жобалаушылар.

Айта кетейкі, сәулетті тұрғын үйге жақын аумақта балабақшалар, Назарбаев Зияткерлік мектебі, Наурыз алаңы, өлкетану мұражайы, Жайлау көлі, Nauryz Park сауда орталығы орналасқан. Сонымен қатар жаңа мектеп құрылысы жоспарланған.

Leave a reply