ШЫМКЕНТТЕГІ 144 КӨШЕГЕ ШАҒАЛ ТАС ТӨСЕЛДІ

0
102
Қала әкімінің тұрғындарға жайлы және қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру туралы берген тапсырмасы негізінде қаланың шалғай орналасқан шағын аударына жалпы 52,7 шақырымды құрайтын 144 көшеге шағал тас төселді. Бұл туралы қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мәлім етті.
Басқарма мамандарының айтуынша, жүргізілген жұмыстардың 47,2 шақырымы яғни, 131 көше Абай ауданына тиесілі екен, ал, қалған 13 көше, 5,2 шақырым жол Әл-Фараби ауданына қарасты.
Атап айтқанда Абай және Әл-Фараби аудандары бойынша Тәуелсіздікке 20 жыл, Көкбұлақ, Жаңаталап, Игілік, Қызылжар, Сәуле, 276 орам, Ақжар-2 тұрғын алаптарындағы көшелерге шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстарды мердігер мекеме «Асфальт» ЖШС атқарды.
Бұл тұрғын алаптар қалаға жаңадан қосылғандықтан ішкі орам көшелеріне асфальт төсеу жұмыстары жүргізілмеген. Себебі орташа жөндеу жұмыстары ережеге сай инфрақұрылым жүйелері жүргізілгеннен кейін бастау алады.
Жалпы биыл Шымкентте барлығы 128 нысанда жол құрылысы және жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның жалпы ұзындығы – 253 шақырым. Оның ішінде жалпы ұзындығы 56 шақырымды құрайтын 12 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілсе, қайта құру жұмыстары 8 шақырымдық 3 жолда жүргізілуде.

Leave a reply