ШЫМКЕНТ: ТҰРАНДА ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ

0
117


Шымкент қаласы, Қаратау ауданы әкімі аппараты қызметкерлері «Тұран» шағынауданындағы «Әдия» тұрғын үй кешенінде салынып жатқан жол құрылысымен танысты.

Құрылыс жұмыстарымен танысу барысында мердігер мекемеге тұрғындар сұранысына сәйкес аталған аумаққа қоқыс алаңшаларын орнату, ирригациялық арықтар салу бойынша келіссөз жүргізілді.

Мердігер мекеме құрылыс жұмыстарының мүмкіндігіне қарай, жоғарыда аталған қоқыс алаңшаларын орнату, ирригациялық арықтар салынатынын мәлімдеді.

Бүгінгі таңда, «Тұран» шағынауданындағы «Әдия» тұрғын үй кешенінде -2 мыңға жуық тұрғын бар. Шағынауданның жолдар құрылысын-«Әлем Строй» ЖШС мекеме жүргізуде.

«Тұран» шағынауданында №1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11,12,13 көшелердің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жобаға сәйкес, жаяу жүргіншілерге арналған аяқжол, веложол және автомобиль жолдардың сызбалары да енгізілген.2021 жылдың соңына дейін № 1,2,6,7,8,10 көшелердің құрылыс жұмыстарын аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр. Ал 3,4,5,9,11,12,13 көшелердің құрылыс жұмыстары 2022 жылға өтпелі.Мәселен, биыл пайдалануға берілетін №2 көшенің құрылыс жұмыстары мердігер мекеме «Отау строй» тарапынан атқарылуда. Қазіргі уақыта жасалынып жатқан жұмыстардың 80 %-ы аяқталған.

Сондай-ақ, «Ақжол» ЖШС тарапынан құрылысы жүріп жатқан №10 көшенің де 60 % жұмыстары орындалды. Жалпы жыл соңына дейін 6 көшенің құрылысы аяқталады деп күтілуде.

Еске сала кетсек, Тұран шағынауданында 2021 жылы 61 тұрғын үйдің құрылысын (49 үй кредиттік, 12 үй арендалық) жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда 57 үйдің құрылысы атқарылуда. Шағынауданда биыл 29 кредиттік тұрғын үй пайдалануға беріледі.

Leave a reply