ТҮРКІСТАНДА Ә.НҰРМАХАНОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

0
110
Жарысқа арнайы келіп, спортшыларға құрмет көрсеткен Түркістан облысы əкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов қазақстандық боксшылардың ғаламат жеңістерін жоғары бағалады.
Айта өтерлігі, рингке 13 салмақ бойынша 200-ден астам талантты боксшылар жұдырықтасуда.
Аса тартысты өтіп жатқан халықаралық турнирдің бас төрешісі Ержан Оспанбаевтың айтуынша, бұл дода жыл сайын дарынды боксшыларды танытуда. Ал ауыр салмақта ел намысын қорғаған түркістандық саңлақ, Атлантадағы Олимпиада ойындарына Қазақстан ұлттық құрама командасын бастап барған Əбдісалан Нұрмахановтың есімі елге танымал. Өмірін спорт жəне ұлттық мүддемен байланыстырған бапкердің жары Күлпаш Шаймерденова бұл халықаралық турнир арқылы түркістандық жаттықтырушының есімі ұлықталып келе жатқанына дән риза.
Қасиетті Түркістанда жалауы желбіреген бұл турнирдің жеңімпаздары үлкен аренаға шығатыны белгілі. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер 3-сəуір күні анықталады. Жеңістің шыңын бағындырғандарға құрмет көрсетіліп, олардың есімдері облыс спорты тарихына жазылатын болады.

Leave a reply