Түркістанда кабельдік желіге ауыстыру құрылысы жүруде

0
143
Биыл Тәуке хан даңғылы, Қазыбек би, М.Әбенова, Төле би, Н.Төреқұлов, Н.Тынышқұлов көшелерінде, Әл-Фараби, Ататүрік, С.Ерубаев көшелерінде, Б.Саттарханов даңғылы, Кенесары көшесі, 1 және 2 мөлтек аудандарында кабельдік желіге ауыстыру құрылысы жүруде.
 Қала аумағында бүгінгі таңда 1266 трансформатор, 3003,7 шақырым электр желісі бар.
 Түркістандағы абонент саны – 39791, орташа сағаттық тұтыну 48,8 МВт/сағ.
 Былтыр 144 трансформатор ағымдағы жөндеуден өтті. 10 трансформатор ауыстырылды. Жобамен қарастырылған 37 трансформатор орнатылып, электр желісіне қосу жүргізілуде. Биыл 100 трансформатор ағымдағы жөндеуден өтуде. 10 трансформатор ауыстырылды. Жобамен қарастырылған 37 трансформатор орнатылып, электр желісіне қосу жүргізілуде.
 2021 жылдың соңында 30 дана жаңа трансформатор алынды, ағымдағы жылы қажеттілік туындаған жағдайда ауыстыру жұмыстары жүреді. Бірлік ІІ этап және жаңадан қоныстанған 7 нысанда орналасқан тұрғындарды сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету жобасы әзірленіп, сараптамаға ұсынылды. Жоба аясында қала аумағындағы электр желілерін кабельге ауыстыру және барлық абоненттерді заманауи есептегіш құралымен қамту көзделген. Тұрғындардың өтініштерін ескере отырып, қала аумағындағы тозығы жеткен электр желілерін ауыстыру, трансформаторлар мен бағаналарды ауыстыру бойынша жергілікті бюджеттен қаржы қаралды.
 Қала аумағындағы негізгі көшелердегі әуе желілерін заман талабына сай кабельді желіге ауыстыру бойынша 4 жобаны (РБ) жүзеге асыру қарқынды жүруде. Деметов көшесі бойындағы тұрғын үй массивін сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету жобасы (РБ) басталды.
 Қазіргі таңда коммуналдық меншіктердегі 356 трансформаторды құжаттандыру жұмысы толығымен аяқталды. 1655 шақырым электр желілерін құжаттандыру процессі жүргізілуде. Барлық құжаттандырылған мүлікті «Оңтүстік Жарық» мекемесінің теңгеріліміне өткізу көзделуде.

Leave a reply