Түркістанда «ZHAS PROJECT» гранттық жобасы іске қосылды

0
117

 

Ағымдағы жылдың 26 шілдесінен бастап жастардың осал топтары арасында пилоттық жобаны іске асыруға арналған «ZHAS PROJECT» гранттық жобасы іске қосылды. Әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға 1 млн теңгеге дейін гранттар беріледі. Түркістан облысына 63 грант бөлініп отыр. Бұл туралы брифингте ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар саясатын үйлестіру басқармасының басшысы Тастемір Ақұлан мәлімдеді.
Сондай-ақ, брифинг қатысқан Қазақстан Жастар Конгресінің атқарушы директоры Тоқтар Болысов жобаның негізгі мақсаты – жастарды, әсіресе осал топтарды қоғамның тіршілігіне тарту, араластыру екендігін айтты.

«Жобаға әлеуметтік жобалары бар NEET санатындағы Түркістан облысының 18-29 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Өтінімдер www.zhasproject-turkestan.kz сайтында қабылданады және ағымдағы жылдың 10 тамызына дейін жалғасады»,- деді Түркістан облысы Жастар ресурстық орталығының директоры Ерасыл Төлебаев.
Жоба – жұмыссыз ретінде тіркелген жастарға, аз қамтылған және көпбалалы отбасындағы 18 бен 29 жас аралығындағыларға, ата-ана қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларға, мүгедектігі бар жастарға арналған.

Leave a reply