ТҮРКІСТАНДЫҚ ҚАРИЯЛАР КӨПКЕ ҮЛГІ
Түркістан қаласында қарттар күнінің қарсаңында игі шаралар қатары артып келеді. Жақында ғана Қазақстан арадагерлер ұйымының 35 жылдығына арналған салтанатты шара аталып өтсе, одан бергі жерде ірілі-ұсақты шаралардың қазыналы қарияларымызға арналып келеді. Бұл ретте Түркістан қаласының әкімі Н.Тұрашбеков атап өткендей аға буын өкілдеріне қай кезде де құрмет ерекше. Түтіні түзу ұшқан бейбіт заманның негізін қалаушылар шын мәнінде үлкен құрметке ие.
Осыған орай, қарттарға қуаныш сыйлаған игілікті шаралардың қатары бүгін тағы бір мерекелік жиынмен толықты. Атап айтсақ, Түркістан қаласындағы Ақсақалдар алқасында Қазақстан арадагерлер ұйымының 35 жылдығына және 1 қазан Қарттар күніне орай мерекелік іс шара өткізілді. Түркістан қалалық Ақсақалдар алқасының төрағасы Жұмаділла Кішібаевтың айтуынша, биылғы жылдың сегіз айында қоғамдық ұйым 640 тұрмысы төмен отбасыларына киім-кешек үлестірген. 121 отбасына жиырмаға жуық азық-түлік түрлерін таратты. Қазіргі таңда Түркістан қаласының дамуына барынша үлес қосып отырған ұйым мүшелері қаладағы тәртіп, тазалық, көгалдандыру жұмыстарына белсенді араласып келеді. Соған байланысты ұйым төрағасы Жұмаділла Кішібаев 16 белсенді азаматқа «Ел құрметі» қоғамдық қорының атынан Түркістан қаласының «Құрметті ақсақалы» төсбелгісін табыс етті.
Өз кезегінде марапатталғандар қоғамдық жұмыстар ғана емес, алдағы саяси науқанға да белсене қатысып, елдің бірлігі мен ынтымағы жолында қызмет ете беруге ынталы екендіктерін жеткізді.