ПРЕЗИДЕНТТІККЕ ҮМІТКЕР МЕЙРАМ ҚАЖЫКЕН САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚТАРДЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

0
133

Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен шетелдік инвесторлармен және ірі кәсіпорындардың жеке иелерімен жасалған барлық шарттың ашық болуын талап етіп отыр.

Теміртауға сапары барысында ол «Арселор Миттал», жеке құрылыс, коммуналдық, күзет компанияларының қызметкерлерімен, сондай-ақ салалық кәсіподақтардың өкілдерімен кездесті.

 

М.Қажыкен меншікті атап айтқанда, жеке шетелдік азаматтарға тиесілі кәсіпорындарды ұлттандыру туралы заң жобасын әзірлеу жөнінде айтты. Қазіргі уақытта компаниялардың, өнеркәсіптік кәсіпорындардың жекелеген иелерінің өздерінің шарттық міндеттемелерін орындамауы өзекті мәселеге айналып отыр.

«Инвестор немесе компания иесі өз міндеттемелеріне назар аудармайды, өндірісті дамытуға инвестиция салмайды. Көз алдында кәсіпорын тозады. Компания¬ны ұлттандыру кеше-бүгін ғана көтеріліп отырған мәселе емес. Бірақ бұл мәселе қарапайым да емес. Ұлттандыру туралы заң қабылдау керек. Себебі бұл мәселе Қазақстандағы көптеген компанияға қатысты. Инвесторлар компаниялардан барлық қажеттіні сығып алады. Бірақ бұлай жалғастыра беруге болмайды. Олардың инвестициялар, жұмыс орындарын құру жөніндегі міндеттемелерін қайта қарау қажет», деді М.Қажыкен.

Leave a reply