МЕЙРАМ ҚАЖЫКЕН АЛМАТЫДА ТАРИХ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

0
122

Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидаттардың бірі Мейрам Қажыкен Алматыда тарих және мәдениет қызметкерлерімен кездесті.

«Алатау» театрында өткен кездесуде ол өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырып, мәдениет саласындағы маңызды сұрақтарға жан-жақты тоқталды.

«Мәдениет арқылы елде толеранттылық, азаматтық және патриотизм қалыптасады. Ұлттық мәдениетті дамытумен қатар тұтас халқымыздың бірлігін бекемдейтін мәдени дәстүрлерді үйлесімді дамыту қамтамасыз етіледі», деді ол.

М.Қажыкен тамыры тереңге жайылған ұлттық мәдениетті сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

«Тарихшылар мен мәдениет қайраткерлері әлемнің Қазақстанмен, қазақ әдебиетімен және театр, киноларымен, республикада тұратын барлық этностардың дәстүрлерімен танысуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар олар қазақстандықтарды әлемдік мәдениетпен байланыстырады. Сіздердің жұмыстарыңыз, еңбектеріңіз өте маңызды», деді кандидат.

Кездесуден кейін Мейрам Қажыкен «Мұхамеджан Тынышбаев – ғасыр адамы» деректі фильмінің көрсетіліміне қатысты.

Leave a reply