КЕНТАУДА КӨПБАЛАЛЫ АНА ТУҒАН КҮНІНДЕ ДАУЫС БЕРІП, СЫЙЛЫҚ АЛДЫ

0
113

Түркістан облысы Кентауда көпбалалы ана туған күнінде дауыс берді.

 

Кентаулық Жадыра Нысанбаеваның бүгін туған күні. Таңертең сайлау учаскесіне барып, дауыс берген ол күтпеген сыйлыққа ие болды. Сайлау уаскесіндегі ұйымдастыру алқасы көп балалы анаға торт тарту етіп, туған күнімен құттықтады.

 

«Біз жарқын болашақты таңдаймыз. Сондықтан отбасыммен келіп дауыс беріп отырмын. Мұндағы мақсатым – балаларымның да саяси сауаты арта берсін деген тілек. Сондай-ақ, бүгін менің туған күнім. Дүние есігін ашқан күнімде саяси науқанға келіп дауыс беріп жатқанымды өзім жақсылыққа балап отырмын. Болашақта балаларым да Президент болса деген арман мақсатым бар. Сондықтан да кәмелет жасына толмаса да балаларымды сайлау учаскесіне ертіп келдім»-дейді ол.

 

Айта кетейік, бүгінде Жадыра Нысанбаева жолдасымен бірге 7 ұл-қыз тәрбиелеп отыр. Алтын құрсақты ана 8 сәбиін күтіп отырғанын жеткізді.

Leave a reply