NIS оқушылары бас қосқан шахмат спартакиадасына түркістандық зияткерлер алғаш рет қатысты

0
127

Барлық Назарбаев Зияткерлік мектептері желісінде онлайн форматта шахматтан желілік спартакиада өтті. Биылғы жылы дәстүрлі спартакиада Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS-тің базасында өтті. Аталған дәстүрлі турнирге түркістандық зияткерлерде өз бақтарын сынап қатысты. Атап айтсақ:

 

8 L сынып оқушысы Нұрахмет Тұрсынхан, 9 А сынып оқушысы Ахмедияр Төлеубай, 8 С сынып оқушысы Альбина Лесова, 7 К сынып оқушысы Рабия Есбергенова, 10 К сынып оқушылары Алпамыс Сартай мен Дильнура Каримжанова, 10 В мен 10 А сынып оқушылары Арнұр Бахытжан және Арайлым Асет қатысуда. Айта кетейік онлайн спартакиада Түркістандағы NIS желісінде алғаш рет өткізіліп отыр.

 

Сайыстың салтанатты ашылу рәсімінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова алғысөз сөйлеп, ақыл мен ой жарысында үздік нәтиже көрсетуде барлық қатысушыларға сәттілік тіледі:

 

Шахмат ойнау арқылы адамдар өздерінің логикалық ойлау қабілеті мен сөздік қорын және функционалдық сауаттылығын дамытып қана қоймай жоғарылата алады. Біз үшін ең маңыздысы шахматтың адамды дамыту үшін атқаратын рөлі болып табылады. Осы орайда спартакиадаға қатысушы барлық зияткерлерге ақыл мен ой жарысында үздік нәтиже көрсетуде сәттілік тілеймін!

 

Ашылу салтанатында Алматы қаласының шахмат федерациясының бас бапкері Асылхан Караев сөз сөйлеп, турнирге қатысушы оқушыларға өз тілегін жеткізді:

Жарысқа қатысушы оқушыларға жеңіс тұғырынан көрінуде сәттілік тілеймін. Аталған турнир сіздер үшін тиімді тәжірибе алаңы болады деген үміттемін.

 

15-17 қараша аралығында өткен жарысқа 200-ден астам Назарбаев Зияткерлік мектептерінің шахматшылары қатысты.

 

Сайысқа Түркістандағы NIS атынан жалпы саны 8 оқушы қатысып, жарыс барысында жақсы нәтиже көрсете білді. Мектептің «Шахмат» үйірмесінің жетекшісі Ерлан Сеитов ойын барысы жайында өз пікірін жеткізді:

 

Үш күн бойы өз білімдері мен бақтарын сынаған зияткерлердің алғашқы бастамасы болған соң жақсы нәтижелер көрсете алды. Бірінші ойында оқушылар қобалжып, аздап уақытпен теңесе алмаған кездері болды. Дегенмен, әлі де дайындық қажет. Алдағы уақытта жоғары нәтиже көрсетеміз деген сенімдеміз!

 

Ал, спартакиадаға қатысқан оқушылар жарыстың тартысты өткенін айтады:

 

Үш күн бойы өткен турнирде мен бірнеше ойын тактикаларын меңгердім, сайыс барысын бақылауда тиімді практика алаңы болды, – дейді 8 С сынып оқушысы Альбина Лесова ойыннан алған әсерімен бөлісіп. Сонымен қатар, спартакиада қорытындысы бойынша Альбина Лесова үздік нәтиже көрсеткен 44 оқушы арасынан алғашқы ондыққа еніп, 8 орын иеленген болатын.

 

Желілік спартакидада түрлі ойын тактикаларын және ең бастысы уақытпен тез шешім қабылдап, қарсыластарыммен қызықты әрі тартысты ойын өтті, – деп, сайыстың тартысты өткенін жеткізді 10 А сынып оқушысы Арай Әсет.

 

Айта кетейік, дәстүрлі турнир, шахматтан желілік спартакиадаға Түркістандағы NIS шахматшылары алғаш рет қатысқан болатын. 15-17 қараша күндері өткен сайыс онлайн форматта барлық Назарбаев Зияткерлік мектептері базасында өтті.

Leave a reply