Түркістанда оқу құралдарын шағаратын шағын цех бар
Алмас Сейдуалиев – Темірбек Жүргенов атындағы Өнер академиясының түлегі. Оқуын бітірген соң Алматыда қалмай туған жері Түркістанға келген. Биыл ерекше бизнес идеяларға арналған 1 млн 225 мың теңге көлеміндегі қайтарымсыз грантқа қол жеткізді. Оған өзіне қажетті аппарат сатып алып, үйінен шеберхана ашқан. Қазір кәсібін дөңгелетіп отыр. Бұған дейін барлығын қолымен жасаған.
Алмас Сейдуалиев, Түркістанның тұрғыны: — Бір жеңгем «қолыңнан келе ме? Ағама бір шежіре керек еді сыйлыққа?» деді. Келеді ғой істеп көрейік деп, істедім. Ұнатты. Сосын оқу құралдарына да тапсырыс түсті маған. Ауылдан жаңа балабақша ашылған сол жерге де көмек болсын деп, бір жағынан сатуға да ыңғайлы деп, сызғышты істеп көрдік. Кейін 3Д атымен істеп едік, ол мүлдем ұзаққа кетті. Қазір өңірде Алмастың сызғыштары үлкен сұранысқа ие. Ата-аналар оқу құралына баласының есімі жаздырып, риза болса, балабақша бүлдіршіндері санамақ пен әліппесін оқып, сауат ашуда.
Алмас Сейдуалиев, Түркістанның тұрғыны: — Санамақ деген бар, сызғыш деген бар, әліппе бар балалардың ойын дамытатын, қаламсап салатын ыдыстары бар, шежіре бар. Бұл жерде енді станокпен қиялық жақсы болса, істемейтін нәрсе жоқ, бәрін істеуге болады. Бұдан бөлек, Алмас қаланы абаттандыруға арналған көрнекілік құралдар да шығарады. Мына үлкен әріптермен жазылған ауыл-аудан атаулары мен қанатты сөздер жарық шаммен көмкерілгенде келгенде кезкелген орынды жайнатып жібереді. «осындай ерекше бизнес жобалар қолдаусыз қалмайды»,- дейді жауаптылар.
Бүгінгі күні 15 азамат 1 млн 225 мың теңге көлеміндегі қаржымен. Биылға 80 азаматқа қайтарымсыз гранттар берілетін болады. Олардың ішінде 29 жасқа толмаған жастар, көпбалалы аналар, еңбекке қабілетті мүгедектер. Солардың арасында массаж кабинетін ашу, жарнамалық қызметтерді дамыту, аяқ-киім тігетін шеберхана ашу, нан өнімдері, ұлттық үлгіде жабдықтар тігу. Өткен жылы да ауданда ерекше кәсіп иелеріне қолдау көрсетіліп, 90 азамат 550 мың теңге көлеміндегі бір реттік қайтарымсыз грантқа ие болған.
Авторлары: Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш, Қуаныш Әбуов