БЕКЗАТТЫҚТАРДЫҢ БЕРЕКЕЛІ БАСТАМАЛАРЫ

0
238

ОТЫРАРДЫҢ ҚАДАМЫ ОРНЫҚТЫ

 

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков «Отырар» тұрғын үй алабының тұрғындарымен Оқушылар сарайында кездесті.

— Айта кету керек, біздің сіздермен «Отырар» тұрғын үй алабындағы үшінші кездесуіміз. Наурыз және маусым айларында тұрғындармен кездесу барысында 107 мәселе көтерілген болатын. Олардың алпысқа жуығы толық орындалса, елуге жуық мәселе бойынша тиісті жұмыстар басталып, қазіргі таңда орындалу үстінде,-деп бастады кездесуін шаһар басшысы.

Әкімнің баяндауынша, қазіргі таңда «Отырар» тұрғын үй алабына қарасты 15 шақырым құрайтын он бір көшеге тас төсеу жұмыстары жүргізілді.

Отырар секторында жолдардың орташа жөндеу жұмыстары алты шақырымға дейінгі, алты көшеде ағымдағы жылы орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.  Екі шақырымдық екі көшеге асфальт жабындысы төселінді. Қалған көшелерде сарқынды су жүйесінің сервистік жұмыстары аяқталғаннан кейін, орташа жөндеу жұмыстары жалғасатын болады.

Жалпы Түркістан қаласы бойынша 2022 жылға 150 аялдама орнату және 64 шақырымды  құрайтын   54 көшеге аяқжол салу жоспарланған.

Қазіргі уақытта Отырар секторына қарасты 45 орынға аялдама нысаны орнатылды. Сондай-ақ, аяқ жол салу жұмыстары бес шақырымды құрайтын төрт көшеде іске асырылды.

Қала тұрғындарын толғандыратын өзекті жайлардың бірі жолаушыларды тасымалдау мәселесі. Ағымдағы жылы тасымалдаушы мекемелер тарапынан 74 автобус сатып алынып № 6,10 бағыттарды қайта жаңартылды. Қосымша №16,17,20 бағыттарды іске қосу жоспарланған болатын. Қазіргі уақытта, соның 28 дана автобусы алынып, №6,10 бағыттағы автобустары жаңартылып, №17, №20 жаңа бағыттары іске қосылды. Жыл соңына дейін, тағы жаңа №16 бағыт іске қосылатын болады.

Шаһар басшысымен кездесулерде жиі қозғалатын тақырыптардың бірі инфрақұрылымды абаттандыруға қатысты кәріз жүйесі, электр жарығымен қамту және ауыз су мәселесі жиі қозғалады.

Отырар шағын ауданында биылғы жылы көпқабатты үйлер ауласын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, аулаларды көгалдандыру жұмыстары, бүлінген ойын алаңшаларын ретке келтіру және жаңадан ойын алаңшаларын салу, автотұрақтар салу, аяқжолдарға өрнектас  төсеу, түнгі жарықшамдар орнату, суағарлар жүргізу, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылуда. Қазіргі таңда, құрылыс жұмыстарының сексен пайызы аяқталды. Одан бөлек, Отырар шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің сыртқы сәулетін жарықтандыру жұмыстары бастау алды.

Тәжтажал індеті кезінде қалалықтардың барлығы да Интернетті пайдалану кезінде, оқушылардың онлайн оқу тұсында  электр жарығының жетіспейтіндігі байқалды. Бұл бір жағынан қалалықтар қатарының тым тез көбеюіне байланысты сапалы электр жарығымен қамтамасыз ету кезек күттірмейді. Қаламызды сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында «Яссы», «Шауғар» мөлтек аудандарына және ХКТУ аумақтарын 10-0,4 кВ жоғары кернеулі электр кабель салу құрылысы,темір бетонды бағаналарын орнату және заманауи кабельдік жүйеге ауыстыру және әрбір үйдің есептегі  жаңарту жұмыстары толығымен аяқталды.

Аталған жоба бойынша жеке үйлерге, яғни абоненттерді жаңа тоқ желісіне қосу жұмыстары жалғасуда, қыркүйек айында толық қосылып бітеді деп күтілуде.

«Отырар» тұрғын алқабында бүгінгі таңға он жаңа трансформатор ауыстырылды. Қосымша он трансформатор ауыстыру жоспарлануда.

«Отырар» мөлтек ауданында жалпы жоба бойынша 25 шақырым кәріз желісімен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда, 64% жұмысы аяқталған.

«Отырар» тұрғын алқабындағы ауыз су  тартылмаған көшелерге жоба жасалып, қаржы қарастырылып, конкурс өткізілуде. Қазан айында құрылыс жұмыстарын бастау жоспарлануда.

Жобадан тыс қалған жеке тұрғын үйлерді табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында арнайы жұмыс жобасы әзірленіп, қаржы қарастырылған. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Орындалуы 75% ға жеткізілді.

Отырар тұрғын үй алабында мектеп мәселесі бойынша Түркістан  қаласы  әкімшілік  — іскерлік  орталығында №5  көшесінде алты гектар  жер  телімі  бойынша қала  әкімдігінің  қаулысы  бар.    Мұнда келесі жылы жылға  екі мың  орынды  мектеп  тұрғызу жоспарлануда.

Сонымен қатар, Түркістан  қаласы  әкімшілік  — іскерлік  орталықтағы  №11 – көшесінде алты гектар жер  телімі белгіленіп, 2025   жылға екі мың    орынды  мектеп  салу жоспарланып отыр.

Шаһар басшысының қысқаша баяндамасынан кейін Отырар секторының тұрғындары сөз алып, кезекпен өздерін толғандырып отырған жайлар бойынша сұрақтарын қойды. Бұл сұрақтардың дені негізінен тұрғын үй, жеке үй салуға жер телімін алу, қаланы абаттандыру кезіндегі олқылықтар, қоғамдық жолаушылар көлігімен қамту жайлары қозғалды. Мұның барлығына тұшымды жауап берген Нұрбол Әбдісаттарұлы тұрғындармен кездесуден соң, бірқатар адамдарды жеке қабылдау өткізді.

 

 

БЕКЗАТТЫҚТАРДЫҢ БЕРЕКЕЛІ БАСТАМАЛАРЫ

 

Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков «Бекзат» секторындағы тұрғындармен кездесуінде мұндағы қордаланып қалған жайлардың біртіндеп шешіліп жатқандығына тоқталды. Бұл шаһар басшысының «Бекзат» тұрғын үй алабындағы тұрғындармен үшінші кездесуі. Мұнда наурыз және маусым айларында тұрғындармен кездесу барысында 85 мәселе көтерілді. Олардың 64-і толық орындалды.  21-іне қатысты тиісті жұмыстар басталып, қазіргі таңда орындалу үстінде.

Осы кездесулердер барлық шағын аудандардағыдай «Бекзат» секторында да жол инфрақұрылымына қатысты жайлар айтылған болатын.

Қазіргі таңда «Бекзат» тұрғын үй алабына қарасты үш шақырым  құрайтын төрт көшеге тас төсеу жұмыстары жүргізілді.

Жолдардың орташа жөндеу жұмыстары – 1,8 шақырым құрайтын Самал көшесіне ағымдағы жылы орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Сонымен қатар 53,2 шақырым құрайтын 49 көшенің жарықтандыру жүйесінің құрылысы аяқталды.

Жалпы Түркістан қаласы бойынша 2022 жылға 150 аялдама орнату және 64 шақырым құрайтын 54 көшеге аяқжол салу жоспарланған.

Қазіргі уақытта Бекзат секторына қарасты бес орынға аялдама нысаны орнатылды. Сондай-ақ, 6,6 шақырымды құрайтын үш көшеге аяқ жол салу жұмыстары жоспарланып, 2,2 шақырымды құрайтын бір көшеде құрылыс жұмыстары аяқталды. Қалған екі көшедегі аяқ жол салу жұмыстары, сарқынды су желісінің қазба жұмыстары толығымен аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады.

Бұдан бөлек, ағымдағы жылы тасымалдаушы мекемелер тарапынан 74 автобус алып №6,10 бағыттарды қайта жаңартып, қосымша №16,17, 20 бағыттарды іске қосу жоспарланған болатын.

Қазіргі уақытта, соның 28 дана автобусы алынып, №6, 10 бағыттағы автобустары жаңартылып, №17, №20 жаңа бағыттары іске қосылды. Жыл соңына дейін, тағы жаңа №16 бағыт іске қосылатын болады.

Қала әкімі биылғы «Балалар жылы» аясында шағын аудандағы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқтала кетті. Биылғы «Балалар жылында» абаттандыру жұмыстарының барысында Бекзат мөлтек ауданында ескі мазарат аумағында балалар ойын алаңы мен спорт алаңшасының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 90 % аяқталды.

Бекзат секторында сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында төрт дана трансформатор орнатылды. Қазіргі таңда, Бекзат секторындағы Жамбыл мектебінің жоғарғы тұсындағы  514 үйді қамтитын электр желілерін жаңарту жобасы әзірленуде. Құрылысын жүргізу 2022-2023 жылдарға жоспарлануда.

«Бекзат» мөлтек ауданында жалпы жоба бойынша 100 шақырым кәріз желісімен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда, оның 35% жұмысы аяқталған.

«Бекзат» тұрғын алабындағы ауыз су тартылмаған көшелерге жоба жасалып, қаржы қарастырылып, конкурс өткізілуде, қазан айында құрылыс жұмыстарын бастау жоспарлануда.

Жобадан тыс қалған жеке тұрғын үйлерді табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында арнайы жұмыс жобасы әзірленіп, қаржы қарастырылған. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Орындалуы 75% құрап отыр.

«Бекзат» мөлтек ауданы тұрғындары әкіммен кездесулерінде мектептерде орын жетіспеушілігіне жиі алға тартады. Соған орай, Бекзат мөлтек ауданында мектеп жетіспеушілігі мәселесі бойынша біршама жұмыстар атқарылды. Қазіргі кезде Бекзат мөлтек ауданында үш  мектеп  бар. 780  орынды  №31  Абай мектебінде 1900  оқушы білім нәрімен сусындауда.  №18 Ж.Еділбаев  мектебі  1266  орынды болса, онда 2237  оқушы   білім  алуда.  Қалаға қоныстанушылар көбеюіне байланысты алдағы  оқу  жылында    бұл  екі  мектептің үш  ауысымға  өту қауіпінде  тұр.

Ал, №11  Ж.Жабаев  атындағы 300  орынды  мектепте  732  оқушы білім алып қазіргі таңда үш ауысыммен білім беруде.

Осыған байланысты Бекзат  мөлтек  ауданында  мектеп  құрылысын  салуға  2,2  гектар  жер  бөлініп, бұл  елді  мекенге  1200  орынды  мектеп  құрылысын  салу  2025  жылға  жоспарланып отыр.

Қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің баяндауынша, қалалықтар қазіргі таңда өздерін облыс орталығының тұрғындары деп мақтаныш сезімімен сезінуіне байланысты ақсақалдары бас болып, жастары қолдап, абаттандырылған инфрақұрылымдық нысандарға жауапкершілікпен қарап, таза ұстауға тырысып жатқандары да бар. Алайда, «бір қарын майды бір құмалақ шірітеді» дегендей, осыдан бірер жыл бұрын пайдалануға берілген балалардың ойын алаңдары, воркауттардың, футбол алаңдарының бір жазға жетпей қирап қалуына да куә болып жүрміз. Осыған байланысты Нұрбол Әбдісаттарұлы қалалықтарды жаңадан салынған нысандарды пайдалануға жанашырлықпен қарап, қажет болса полиция инспекторларының рейдін жиілетіп, осы нысандарға жергілікті тұрғындардың бірін бекітуге тапсырма берді. Қаланың өзекті мәселелерін бірлесіп шешуге шақырды.

PS: Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің алты  сектордағы кездесулерінің соңында әкімнің халықтық қызметіне ризашылықтарын білдірген ақсақалдар батасын беріп жатты. Осыған қарағанда, жас әрі ширақ шаһар басшысының жұмысын қалалықтар «беске» бағаламаса да, семіз «төртке» жеткеніне куә болдық.

Мемлекет басшысы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауында: «Әділетті Қазақстанды құру ісі енді ғана басталды. Алдағы жолдың қиындығы көп. Бұл бағдарымыз ешқашан өзгермейді, ішкі және сыртқы ахуал қандай болса да жалғаса береді. Қол қусырып отыратындар мен қасақана кедергі жасайтындарға орын жоқ»,-деген болатын.  

          Кейбір секторлардағы ашық кездесуді мөлтек аудан басшыларының жауапты қызметкерлерінің арнайы сценарий бойынша жасап жатқандары да байқалып қалды. Бірақ, мұндай ұсақ кемшіліктер жариялы қоғамда біртіндеп жойылатынына сенім бар. Себебі, барлық кездесулерде қолдарына ұялы телефондарын алып, үнемі түсіріп жүргендер де аз болған жоқ. Әлеуметтік желіге шығып, байбалам салып жатқандар да табылды. Ендеше, киелі шаһардағы атқарылып жатқан ғасырлық жобаларға қолдау көрсеткендер мен оған барынша кедергі келтіретіндер де азаймаса керек. Бұл өмір заңы.

Leave a reply