ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

0
25

Түркістан облысының Түлкібас ауданында туристік әлеуетті дамытуға бағытталған кешенді жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Ауданның табиғи-географиялық ерекшеліктері, таулы аймақтары мен экологиялық таза ортасы туризмді дамытуға үлкен мүмкіндік береді. Осыған байланысты өңірде озық тәжірибелерді зерделеу, кәсіпкерлер арасындағы ынтымақтастықты кеңейту және инвестициялық жобаларды іске асыру бағытында нақты шаралар қолға алынған.

Түлкібас ауданының туристік саласын дамытуда халықаралық және өңірлік тәжірибелерді зерттеу маңызды рөл атқарады. Әсіресе экотуризм, ауыл туризмі және этнотуризм бағыттарындағы тиімді модельдер зерделеніп, жергілікті жағдайға бейімделуде. Бұл тәсіл ауданның туристік өнімдерін әртараптандыруға және қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Түлкібас ауданының әкімі Асқар Естібаевтың Өзбекстан Республикасына жұмыс сапары аясында өңіраралық ынтымақтастықты дамыту және туризм саласындағы озық тәжірибелерді зерделеу бағытында бірқатар маңызды кездесулер өтті. Сапар барысында Ташкент облысының Бостанлық және Паркент аудандарымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Құжаттар сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге, инвестиция тартуға, туризмді дамытуға, мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастарды нығайтуға және тәжірибе алмасуға бағытталған.  Кездесулерге Ташкент облысы әкімдігінің өкілдері қатысып, өңірлер арасындағы әріптестікті одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Тараптар ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, туризм, мәдениет, спорт және инвестиция салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ниетті екендіктерін жеткізді. Жұмыс сапары аясында аудан делегациясы Ташкент облысындағы бірқатар заманауи туристік нысандардың жұмысымен танысты. Атап айтқанда, таулы аймақта орналасқан демалыс кешендері, туристік-рекреациялық аймақтар мен тұрғын үй-туристік жобалардың инфрақұрылымы зерделенді.  Делегация халықаралық талаптарға сай салынған қонақүйлердің, виллалардың, демалыс орындарының, аспалы жолдардың және отбасылық туристік кешендердің жұмысымен танысып, туристік инфрақұрылымды дамытудағы тиімді тәжірибелерді қарастырды. Сондай-ақ «Чарвақ» су қоймасы жағалауында жүзеге асырылып жатқан туристік-рекреациялық жобалар мен жағалауды абаттандыру жұмыстары назарға алынды.  Сапар барысында туристерді тарту, инвестиция көлемін ұлғайту, сервистік қызмет сапасын арттыру және табиғи ерекшеліктерді сақтай отырып туризмді дамыту бағытындағы жобалар жан-жақты талқыланды. Өзбекстанға ұйымдастырылған жұмыс сапарының негізгі мақсаты – «Ақсу-Жабағылы» мемлекеттік табиғи қорығы мен Түлкібас ауданының туристік әлеуетін дамытуға қажетті озық тәжірибелерді зерделеу, кәсіпкерлер арасында байланыс орнату және инвестициялық жобаларды іске асырудың тиімді тетіктерін үйрену. Нәтижесінде қол жеткізілген келісімдер мен тәжірибе алмасулар Түлкібас ауданының туристік инфрақұрылымын жетілдіруге, халықаралық байланыстарын кеңейтуге және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жаңа серпін береді деп күтіліп отыр.

Сонымен қатар аудан кәсіпкерлері арасында өзара әріптестік байланыстарды нығайту жұмыстары жүргізілуде. Туризм саласында қызмет көрсететін бизнес өкілдері, қонақүй және демалыс орындарының иелері, қоғамдық тамақтану және сервистік қызмет көрсету саласындағы кәсіпкерлер арасында бірлескен жобаларды дамытуға жағдай жасалуда. Бұл туристерге ұсынылатын қызмет сапасын жақсартып, кешенді туристік инфрақұрылым қалыптастыруға ықпал етеді.

Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бағытында да белсенді жұмыстар атқарылуда. Аудан аумағында демалыс аймақтарын салу, туристік кешендерді дамыту, жол және инженерлік инфрақұрылымды жақсарту, сондай-ақ жаңа туристік бағыттарды ашу бойынша жобалар қарастырылуда. Бұл жобалар өңірге қосымша инвестиция тартуға және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

Түлкібас ауданының табиғи ресурстарын тиімді пайдалану арқылы экотуризмді дамытуға ерекше назар аударылуда. Таулы аймақтарда туристік маршруттар ұйымдастыру, демалыс аймақтарын абаттандыру және экологиялық қауіпсіздікті сақтау шаралары жүргізілуде. Бұл ауданның туристік тартымдылығын арттырып, ішкі және сыртқы туристер ағынын көбейтуге ықпал етеді.

Жалпы алғанда, Түлкібас ауданында туристік әлеуетті дамытуға бағытталған озық тәжірибелерді зерделеу, кәсіпкерлер арасындағы байланысты нығайту және инвестициялық жобаларды іске асыру жұмыстары өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізуде. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстарды күшейту ауданның туризм саласын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

Leave a reply