Түркістанда саябақтар саны артуда

0
130

Қазіргі таңда Түркістан қаласында 30 саябақ, 34 сквер, гүлзар және 9 жасыл алаң бар. Атап айтсақ, 380 га аумақта ағаштар дәріленіп, тыңайтқыштармен қоректендірілді. 11 245 дана ағашқа санитарлық және авариялық кесу жұмыстары жасалынды.

45 саябақ, сквер,гүлзарда кіші сәулет мүсіндері мен саябақ құрылыстарында (орындық, жарықшамдар, мүсіндер т.б), аяқжолдар мен балалар ойын алаңдары сырланып, қайта қалыпқа келтірілді.
Жыл басынан бастап 12,2 га аумақта 15 036 дана ағаш көшет егілді. 9000 ш.м аумақ көгалдандырылды.

Айта кетсек, Шекті Тілеу Жолдаяқ, Байбұрт, С.Қожанов, Резиденция алды, Есімхан алаңы мен Ж.Майкотов көшелеріне 11 900 дана қылқан және түрлі жапырақты ағаш демеушілер есебінен отырғызылды.

Бұдан бөлек, Ж.Майкотов көшесіндегі “Желілік саябақта” көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарының 2,3,4,5– кезеңдері жүзеге асуда.
Сонымен қатар, қала аумағында 110 мың көп жылдық және 90 мың бір жылдық гүл егілді.

Leave a reply