Фабрика өнімдері – сапа менеджмент сертификатымен расталған

0
121

Түркістан қалалық мәслихат депуттары қаламыздағы кәсіпкерлерді қолдау мақсатында бірқатар кәсіпорындарды аралады. Кездесуге қалалық мәслихат хатшысы Мақсат Асылбекұлы мен Сәкен Мырзанұлы барып, кәсіпорындарды аралады. Ең бірінші кезекте қаламызда жиһаз шығарумен айналысатын “ASIA BREND” ЖК кәсіпорынының жұмысымен танысты.

2013 жыл өз жұмысын Абишев Уигын Ибрагимовичтің бастамасымен бастаған кәсіп орында бүгінде 250 қызметкер тұрақты түрде жұмыс жасайды. Өнімнің негізгі өндірілетін түрлері – тұрмыстық жиһаздар. Жатын бөлмеге арналған, қонақ бөлмесі, ас үй шкафы, шкафтар мен шифоньерлер, балалар гарнитурасы сияқты түрлі жиһаз түрлерін шығаруда.

Мұндағы өнімнің сапасы жоғары сапалы отандық және түрік жабдықтары мен қазіргі заманғы материалдарды пайдалану арқылы өндіруде. Шикізаттың негізгі жеткізушілері – ЖК Мусаев М., ЖК Мансуров А., ЖК Сұлтанбай, ЖШҚ Кроношпан Башқұртстан Ресей, Shanghai Unisis International Development Co Ltd Қытай. Сондай-ақ, фабрика өнімдері сапа менеджменті сертификатпен расталған. Бұдан бөлек, өндіріс орны дизайнерлердің қатысуымен сенімді компоненттерді пайдалана отырып, тұтынушыға тек жоғары сапалы жиһаз ұсынуда. Аталмыш кәсіпорынның қызметкерлері шын мәнінде бірегей дизайнерлік жиһаздың керемет коллекцияларын жасап шығаруда.

Кәсіпорындағы басқару жүйесі үздіксіз жұмыс жасап келеді және ең тиімді сенімді шешімдерді шығармашылық ізденіске қабілетті. Оны жұмыс орындағы жоғарыға ілінген тақтайшалардағы жазудан аңғаруға болады. Ол жерде мынадай сөздер жазылған: “Ақылды кісіні аяла, ақымақ кісіні аяма”, “Жұмыс жасап бой түзе, өнер қуып ой түзе” “Көңілсіз жұмыс – өнімсіз”, “ Ынтымақ жүрген жерде, ырыс бірге жүреді” сынды жазба тақтайшалары ілінген.

Қазіргі таңда “ASIA BREND” ЖК тауар белгісімен шығатын фабриканың өнімдері еліміздің бірқатар аймақтарында жиһаз дүкендерінен сатып алуға болады. Шетелдік өніммен тең сапада шығаратын отандық өнімді қолдану арқылы жеке кәсіпкерлердің істерін дамытуға үлес қосуға атсалысайық.

Leave a reply