Қала аумағындағы 787 көшеге санитарлық тазалық жүргізіледі. Оның 136 көшесі — механикалық жолмен, 651 көшесі қолмен тазаланады. Орталық маңызы бар 39 көшенің қоқысы күніне екі мезгіл алынады.
Бұл жұмыс секторлар тарапынан да күнделікті бақылануда. Нәтижесінде, тазалық талаптарын бұзған 4570 азаматқа айыппұл салынды: “Отырар” секторында – 37 , “Сауран” секторында – 106, Бірлік тұрғын алабында – 38, “Шауғар” секторында – 66, “Бекзат” тұрғын алабында-45, “Яссы”секторында – 65 азаматқа хаттама толтырылды.
Осы орайда, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңының 434-2-бабына сәйкес, ортақ пайдаланылатын орындарды, саябақтарды, скверлерді ластау, оның ішінде белгіленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау – әкімшілік жауапкершілікке алып келетіні, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл белгіленгені туралы тұрғындарға түсіндірілуде.
Сондай-ақ, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде осы әрекеттер қайталанған жағдайда айыппұл мөлшері 10 АЕК-ке ұлғаятыны ескертілуде.
Түркістан қаласы аумағының тазалығын сақтау мақсатында полиция қызметкерлері профилактикалық рейдтік шараны күнделікті жүргізетінін назарларыңызға саламыз.
Қала аумағындағы 393 көше жарықтандыру жүйесімен қамтылып, жалпы жарықтандырылған көшелер үлесімен есептегенде 44,9%-ды құрайды.
Биыл Түркістан қаласы аумағында 176,4 шақырымды құрайтын 142 көшеге жарықтандыру жүйесінің құрылысы жүргізілді. Оның қазіргі уақытта 123,1 шақырымды 93 көшесі толығымен іске қосылды.
Қазіргі уақытта қалған, 53,3 шақырымды құрайтын 49 көшені жарық көзімен қамтамасыз ету мақсатында «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-імен бірлесе техникалық шарт әзірленіп жатыр.
Нәтижесінде, жарықтандыру жүйесімен қамтылған көшелер үлесі 61,1%-ға жетеді.
Сонымен қатар, 2023 жылдың соңына дейін қосымша 223 көшеге жарықтандыру жүйесін жүргізу жоспарлануда.
Жоспарға сәйкес, құрылыс жұмыстары «Бірлік» тұрғын алқабына қарасты 33 көшеде жүзеге асырылуда.