Түркістан қаласының тәртібі басты назарда

0
100

 

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың тиімді құралдарының бірі – лауазым иелерін бас бостандығынан айыру орындарына апарып, қылмыс жасаған адамдардың ұстау шарттарымен таныстыру болып табылады. Осыған орай, бүгін Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің бастамасымен облыстық Полиция департаментінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының жауапты мамандары уақытша ұстау изоляторының ахуалымен танысып көрді.

Бұл сала мамандарының аталған тәжірибеге қатысуының себебі, осы салада сыртқы талдау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесімен аталған тәжірибені қолдану ұсынылған.Түркістан қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері уақытша ұстау изоляторының жұмысымен, яғни қамаудағыларды ұстау шарттарымен, айыпталушының жататын жерінен бастап, медициналық бөлме, асхана, аула сынды жерлермен толық таныстырып шықты.

Жемқорлық көріністеріне жол бермеуді мақсат еткен ұйымдастырушылар лауазымды тұлғаларға тура жолдан таймаңдар деген сөздерін бірнеше рет қайталап, пара алудың, яғни қызмет бабын пайдаланып ақша табудың соңы осылай болатынын ескертті. Көзге жақсы көрініс бермейтін шараның куәгерлері темір тордың арғы жағындағы өмірді өз көздерімен көріп, тар қапаста отырғандардың өкінішін жүрекпен сезіп, олардың қатесін қайталамайтынын білдірді.

Leave a reply