ТҰРАШБЕКОВ: «МЕН УӘДЕ БЕРМЕЙМІН, МЕН ЗАҢ АЯСЫНДА ОРЫНДАЙМЫН»

0
111

Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков шаһардың жаңаша бағытта гүлденуі мен өркендеуі жолында нақты шаралар жүзеге асыруда. Енді бір сөзбен айтқанда сөзден гөрі харекетке көбірек ұмтылып жатқаны айтпаса да белгілі.

Осы аптадағы басты шаралар халықтың мәселесіне көбірек арналғандай. Олай болатыны маңызды екі қабылдау тұрғындарға бағытталған. Соның бірі 2022 жылы берілетін үйлерді әлеуметтік осал топ санатындағыларға бағыттау бойынша ұсыныстарымен бірқатар азаматшаларды қабылдады.

Бүгінде Түркістан қаласында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру және пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1-желтоқсандағы №1420 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидалары негізінде жүзеге асырылады. Жалпы, ережелердің 7-тармақшасында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлер тиісті тұрғын үй комиссиясының осы қағидаларға қосымшаға сәйкес, нысан бойынша ресімделген тұрғын үй беру туралы шешімінің негізінде тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына берілетіні белгіленген.

Ал, 7-1 тармақшасында Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, бөлек тізімдер бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын жайларды (жаңадан пайдалануға берілген немесе тұрғындар босатқан) немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын жайларды бөлуді ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары бөлек тізімдердің, сондай-ақ егер Заңда немесе Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде өзгеше белгіленбесе, осы қағидалардың 6-2 тармағында көрсетілген мемлекеттік кәсіпорында және (немесе) мемлекеттік мекемеде, мемлекеттік органдарда есепте тұрған тұрғын жайға мұқтаждар тізімдерінің санына пропорционалды түрде жүргізілетіні көрсетілген.

Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына І-ІІ топ мүгедектері, толық емес отбасылар, зейнеткер, қандастар және мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылар жатады.

Тұрғын үй инспекциясының мәліметіне сәйкес, Түркістан қаласында 2016-2021 жылдары 1059 пәтер әлсіз топқа үлестірілген. Оның ішінде 2016 жылы – 90, 2017 жылы – 397, 2019 жылы – 249, 2020 жылы – 174, 2021 жылы – 149 пәтер берілген.

Бұл бағыттағы жұмыстарды қайта зерделеп, жетілдіру бойынша қазіргі таңда қала әкімінің өкімімен құрамына қалалық депутаттар, қоғамдық ұйым өкілдері, құқық қорғау саласы қызметкерлері, заңгерлер және белсенді азаматшалар енген жұмысшы топ құрылды. Өз кезегінде Нұрбол Әбдісаттарұлы коммуналды баспаналарды жалға беру деректері анықталған жағдайда, заң аясында шаралар қабылданып, баспаналарды кері қайтаруға жұмыс жүргізілетінін, тұрғын үй кезектілігі заңға сәйкес сараланатынын жеткізді.

Апта ішіндегі келесі бір қабылдау тұрғындардың жеке мәселелеріне арналды. Атаулы шарада жұртшылықтың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Осы кездесуде барша көтерілген мәселелердің басым көпшілігі әлеуметтік көмек көрсету жөнінде болды.

Сонымен қатар, балалар алаңшасын салу, баспана, жол, инфрақұрылым жүйесі, қоғамдық көлік қатынасын реттеу, ардагерлерге көңіл бөлу бойынша талап-тілектер тыңдалды.

Айта кетейік, жыл басынан бері шаһар басшысы 4 рет жеке қабылдау, 2 рет кезектен тыс қабылдау өткізіп, 6 рет секторларда тұрғындармен кездесті. Жеке қабылдауда болған 40 азаматтың 12-сінің мәселелері нақты шешімін тапты. Өзге өтініштер заңға сәйкес зерделеніп, ұсыныстар бойынша іс-шаралар жоспары түзілді.

Қала тұрғындарының алуан түрлі мәселелеріне арналған атаулы қабылдаулардың ортақ жауабы ретінде Нұрбол Тұрашбековтің «Мен уәде бермеймін, мен заң аясында орындаймын» сөзі көп көңіліне демеу болды.

Leave a reply