БИЫЛ ТҮРКІСТАНДА ҚАНДАЙ КЕШЕНДЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ?

0
102

Биыл Түркістан қаласында Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешені пайдалануға беріледі. Қазіргі таңда нысанның іргетасын қалау ісі толық аяқталған. Жертөле қабырғасы мен бірінші қабаттағы тірек қабырғасы да аяқталуға жақын тұр. Нысан басында 30-дан астам жұмысшы бар. Спорт кешенінде Ә.Нұрмаханов атындағы олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымы орналасады. 320 орынға арналған қосымша ғимараты спортты дамытуға серпін бермек.

Түркістан қаласындағы халықаралық теннис орталығының құрылысы да қарқынды. Бұл орталық биыл пайдалануға беріледі. Сонымен бірге, облыс әкімі Түркістан қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығындағы қалалық саябақ пен жасанды көлдің құрылысын көрді. Жасанды көлдің аумағы (56 000 м3) қазылып, тіреуіш қабырғалы жағалауы бетон құю жұмыстарына дайындалып жатыр. Бұл көл Түркістандағы тартымды демалыс орындарының бірі болады деген жоспар бар.

«Қылует» рухани орталығындағы жұмыстар сараланды. Жер асты мешіті мен медресенің құрылысына атсалысып, сауапты іске үлес қосты. Бұл рухани орталықта болашақ дін ғұламалары мен қарилар даярланады.

Leave a reply