ҚАЗЫҒҰРТ: ЖАСТАРДЫҢ ЗАҢҒА ДЕГЕН КӨЗҚАРАСЫ – БОЛАШАҚ ҚОҒАМНЫҢ АЙНАСЫ

0
20

Азаматтық қоғамның іргетасы – құқықтық мәдениеті жоғары, заңды білетін әрі оны құрметтейтін ұрпақ. Осы орайда Қазығұрт ауданында тұрғындардың, әсіресе жастардың құқықтық сауаттылығын көтеру мақсатында “Мен және заң”, “Құқықтық мемлекет – болашағымыз”, “Жасөспірім және жауапкершілік” тақырыптарында ауқымды ақпараттық-ағартушылық шаралар сериясы ұйымдастырылды.

Жобаның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық білімін арттыру, заң алдындағы жауапкершілік туралы түсінігін қалыптастыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті нығайту. “Мен және заң” – әр азаматтың құқықтық сауаты маңызды.Бұл бағыттағы іс-шаралар ауданның барлық ауылдық округтерін қамтыды. Атап айтқанда: Жалпы білім беретін мектептерде “Мен және заң” атты ашық тәрбие сағаттары мен сұхбат алаңдары өтті; Учаскелік инспекторлар мен ювеналды полиция өкілдері оқушыларға құқықтары мен міндеттері туралы арнайы дәрістер оқыды; Қатысушыларға ҚР Конституциясы, Балалар құқықтары туралы Конвенция, Әкімшілік және Қылмыстық кодекстен үзінділер негізінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оқушылар интерактив форматта сұрақ қойып, өз пікірлерін білдіріп, құқықтық жағдаяттар бойынша пікірталастарға белсенді қатысты.

Аудан мектептерінде 9–11 сынып оқушылары мен колледж студенттері арасында құқықтық пікірсайыс турнирлері, эссе байқаулары және интеллектуалды викториналар өткізілді. Шара барысында жастар: Құқықтық мемлекеттің қағидалары туралы ой қозғап, Заң үстемдігінің маңыздылығын түсінді, Азаматтық жауапкершілік пен белсенділікке шақырды. Мәселен, “Қазақстан – құқықтық мемлекет: біз қандай үлес қоса аламыз?” тақырыбында өткен эссе байқауына 100-ден астам оқушы қатысты. Үздік шығармалар аудан әкімдігінің әлеуметтік парақшаларында жарияланып, жеңімпаздарға марапаттар табысталды.

“Жасөспірім және жауапкершілік” – ерте құқықтық тәрбиенің маңызы екені анық. Осы орайда, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында арнайы профилактикалық акциялар, дәрістер, тренингтер және ата-аналармен кездесулер ұйымдастырылды. Жасөспірімдердің қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі туралы нақты мысалдар келтіріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, аудандық прокуратура мен ішкі істер бөлімінің қызметкерлері “Қиын оқушылармен жеке әңгімелесу” жүргізіп, медиативті тәсілдер арқылы кейбір мәселелерді татуласу жолымен шешуге ықпал етті. Нәтижесінде 30-дан астам мектеп пен колледж қамтылды. 4000-ға жуық жас құқықтық тәрбиемен қамтылды. 150-ден астам ата-ана мен мұғалім арнайы жиналыстарға қатысты. Жастар арасында құқықтық сауаттылық деңгейі айтарлықтай артқаны байқалды (жергілікті сауалнама нәтижесі бойынша)

Аталған шаралар мемлекеттік құрылымдар, білім беру мекемелері, ата-аналар комитеті, жастар ұйымдары және діни бірлестіктер арасында белсенді ынтымақтастық негізінде өтті. Алдағы уақытта “Құқық мектебі” жобасын іске қосу жоспарлануда. Ашық сот отырыстарына қатысу арқылы тәжірибелік құқықтық сабақтар өткізу, ауыл жастары үшін “Заңгер кеңес береді” мобильді қабылдау күндерін ұйымдастыру жоспарланып отыр. Қазығұрт ауданында жүргізілген бұл ауқымды жұмыс – құқықтық сана мен мәдениетті қалыптастыруға бағытталған нақты қадам. Білім беру мекемелері мен құқық қорғау органдары арасындағы жүйелі әріптестік жастардың құқықтық жауапкершілігін арттыруға және құқық бұзушылықтың алдын алуға ықпал етуде. “Мен және заң”, “Құқықтық мемлекет – болашағымыз”, “Жасөспірім және жауапкершілік” – бұл тек тақырып қана емес, болашақ ұрпақтың құқықтық ой-санасын қалыптастыратын маңызды идеологиялық бағдармалар болып табылады. Жалпы жастармен жұмыс тек білім беру орындарымен шектеліп қалмайды. Қоғамдық орындарда спорт кешендерінде мешіттер мен мәдениет үйлерінде де құқықтық түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылуда. Ерекше назар құқық бұзушылыққа бейім топтағы жастармен жеке жұмыс жүргізуге бөлінген.

Қазығұрт ауданында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында мұндай бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады. Аудан әкімдігі бұл бағыттағы жұмысты жүйелі түрде күшейтіп құқықтық мәдениетті қалыптастыруды басты назарда ұстайтын болады. Жастардың құқықты білуі мен құрметтеуі – құқықтық мемлекеттің берік іргетасы екені сөзсіз Қазығұрт жастары бұл бағытта жақсы қадам жасап келеді. Қазіргі қоғамда жастардың құқықтық сауаттылығы мен заң алдындағы жауапкершілігін арттыру күн тәртібіндегі маңызды мәселе. Қазығұрт ауданында бұл бағытта жоспарлы әрі кешенді жұмыстар жүргізілуде. Аудандық әкімдік құқық қорғау органдары білім беру мекемелері және қоғамдық ұйымдардың бірлесуімен жастардың құқықтық тәрбиесін жетілдіру мақсатында түрлі форматтағы іс-шаралар өткізіп келеді.

Жыл басынан бері аудан көлемінде оқушылар мен студенттер арасында құқықтық білім беру бағытында семинарлар кездесулер ашық сабақтар дөңгелек үстелдер және байқаулар ұйымдастырылды. Бұл шаралардың басты мақсаты жастарға құқық пен міндетті түсіндіру олардың заң алдындағы жауапкершілігін күшейту сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алу.

 

 

 

Leave a reply