ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ БІЛІМІН АРТТЫРУ – ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА БАСТЫ НАЗАРДА

0
21

Бүгінгі таңда жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру — еліміздің құқықтық мемлекет ретінде дамуы жолындағы маңызды бағыттардың бірі. Осыған орай Қазығұрт ауданында жас буынның құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және заң алдындағы жауапкершілігін арттыруға бағытталған кешенді іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді. 2025 жылдың басынан бері аудан мектептері мен колледждерінде «Мен және заң», «Жасөспірім және жауапкершілік», «Құқықтық мемлекет – болашағымыз» сияқты тақырыптарда құқықтық сағаттар, ашық сабақтар, пікірталас алаңдары ұйымдастырылды. Бұл кездесулерге учаскелік полиция инспекторлары, аудандық прокуратура өкілдері, заңгерлер мен медиаторлар шақырылып, жастармен нақты әрі ашық форматта пікір алмасу жүргізілді.

Қазығұрт аудандық әкімдігі, аудандық ішкі саясат бөлімі, білім бөлімі, құқық қорғау органдары және жастар ресурстық орталығының бірлескен жоспары негізінде жүзеге асырылуда. Негізгі мақсат — жастардың құқықтық санасын көтеру, олардың заңды білуіне және оны күнделікті өмірде қолдана білуіне ықпал ету. Жасөспірімдер арасында құқықтық жауапкершілік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік ұғымдары, отбасылық қатынастардағы заң талаптары, әлеуметтік желідегі құқық бұзушылықтың салдары сияқты тақырыптар жан-жақты талқыланды.

Аудан көлемінде өткізілген шараларға 3000-нан астам жас қатысып, өз құқықтары мен міндеттері жөнінде нақты ақпарат алды. Сонымен қатар, эссе жазу, құқықтық сурет байқаулары, заң тақырыбындағы викториналар ұйымдастырылып, жастардың құқықтық ойлау қабілетін дамытуға серпін берілді. Мәселен, «Менің құқықтық таңдауым» атты эссе байқауында үздік танылған 20 оқушы аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Ал мектептерде өткен құқықтық дебат турнирлері жастардың заңға деген қызығушылығын арттырып, шешендік қабілеттерін дамытуға ықпал етті. Құқықтық тақырыптарда бейнероликтер мен ақпараттық жадынамалар дайындалып, мектептер мен әлеуметтік желілер арқылы таратылды. Жастар арасында танымал платформаларда (Instagram, TikTok, Telegram) арнайы құқықтық кеңестер сериясы жарияланып, кең ауқымды аудиторияны қамтуға мүмкіндік жасалды.

Жастармен құқықтық бағытта жұмыс жүргізуде ата-аналар комитеті, ардагерлер кеңесі және діни бірлестіктер де белсенді атсалысты. Ауыл ақсақалдарының қатысуымен өткен ашық жиындарда жастар тәрбиесіне қатысты өзекті мәселелер қозғалып, үлкендер тарапынан өнегелі кеңестер берілді. Алдағы кезеңде Қазығұрт ауданында жастарға арналған «Құқықтық медиатека», «Жастар және заң» онлайн-платформасы, сондай-ақ «Заңгер сағаты» атты тұрақты кеңес беру жобалары іске қосылады деп жоспарланып отыр. Бұл бастамалар жастардың құқықтық ақпаратқа қолжетімділігін арттырып, сауатты шешім қабылдай білу дағдысын дамытпақ.

Қазығұрт ауданында жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру бағытындағы жұмыстар – болашақ ұрпақты тәрбиелеудің басты басымдығы ретінде қарастырылып отыр. Мұндай іс-шаралар жастардың қоғамға жауапты көзқарасын қалыптастырып қана қоймай, олардың қауіпсіз әрі саналы өмір сүруіне мүмкіндік береді. Қоғамның тұрақтылығы мен азаматтардың қауіпсіздігі – әрбір елдің өркениетті дамуындағы басты шарттардың бірі. Осы бағытта Қазығұрт ауданында құқық бұзушылықтың алдын алу, тұрғындарды заң мен тәртіпті құрметтеуге баулу және қоғамдық тәртіпке бейжай қарамау мәдениетін қалыптастыру мақсатында кең көлемді жұмыстар атқарылуда. Қоғамда заң бұзушылыққа жол бермеу тек құқық қорғау органдарының емес, барлық азаматтардың ортақ міндеті. Осыған байланысты Қазығұрт ауданында жыл басынан бері тұрғындармен түсіндіру жұмыстары, кездесулер, қоғамдық тыңдаулар, дөңгелек үстелдер, форумдар және ақпараттық акциялар тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.

Аудандық әкімдік, полиция бөлімі, прокуратура, ішкі саясат бөлімі және қоғамдық кеңес өкілдерінің қатысуымен өткен жиналыстарда «нөлдік төзімділік» қағидасы кеңінен түсіндірілді. Бұл – ең ұсақ құқық бұзушылықтың өзіне жол бермеу, дер кезінде әрекет ету және азаматтардың белсенді позициясын қалыптастыруға негізделген көзқарас. Ашық форматтағы кездесулер мен түсіндіру жұмыстары да ұдайы жүргізіледі. Ауданның барлық ауылдық округтерінде қоғамдық қабылдаулар және жол картасы аясындағы жиындар өтті. Бұл жиындарға аудан тұрғындары, ақсақалдар, жастар, кәсіпкерлер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты. Жиында  тұрмыстық ұрлықтар мен отбасылық жанжалдардың алдын алу, жол қозғалысы ережесін сақтау, қоғамдық орындардағы тәртіп, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық, экологиялық құқық бұзушылықтармен күрес мәселелері қозғалды.

Мұндай жиындарда тұрғындар өз сұрақтарын қойып, құқық қорғау органдарының өкілдерінен нақты жауап алды. Құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында аудандық ақпараттық-насихаттық топтар құрылды. Олар ауыл-аймақтарды аралап, құқық бұзушылықтың салдары, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік, қоғамдық тәртіптің маңыздылығы туралы қарапайым әрі түсінікті тілде ақпарат беріп келеді. Сондай-ақ, түрлі аудиторияларға арналған бейнероликтер, брошюралар, жадынамалар әзірленіп, халыққа таратылды. Мектептерде, колледждерде және қоғамдық орындарда «Заң мен тәртіп – ортақ міндет», «Қоғамдық тәртіп – сенің таңдауың» атты акциялар өткізілді. Қоғамның өзін-өзі басқару құрылымдары, ардагерлер кеңесі, әйелдер кеңесі және жастар ұйымдары құқық бұзушылықтың алдын алуда белсенді жұмыс жүргізіп отыр. Тұрғындармен жеке әңгімелесу, отбасылармен тікелей байланыс, бейресми кездесулер арқылы нақты мәселелер шешімін тауып келеді.

Көпшілік қатысқан жиналыстардың бірінде тұрғындар көшедегі бейнебақылау жүйесін көбейту, жарықтандыруды жақсарту және түнгі тыныштықты сақтау бағытында нақты ұсыныстар берді. Бұл ұсыныстар жергілікті атқарушы органдар тарапынан қаралып, бірқатары жүзеге асырыла бастады. Аудан мектептері мен колледждерінде «Мен және заң», «Құқықтық мәдениет – болашақ кепілі», «Жасөспірім және жауапкершілік» тақырыптарында ашық сабақтар, құқықтық сағаттар, пікірталас алаңдары ұйымдастырылды. Жастар арасындағы тәртіпсіздіктің алдын алу үшін арнайы мамандар мен психологтар тартылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мектеп инспекторлары мен полиция өкілдері жасөспірімдермен тікелей жұмыс істеп, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында спорттық және мәдени іс-шараларға тарту жұмыстары жалғасуда. Әр азаматтың заң мен тәртіпті сақтауға деген жауапты көзқарасы – қауіпсіз қоғам мен жарқын болашақтың негізі.

Leave a reply