Түркістанның бас жоспарын білесіз бе?

0
142

Елбасының тұжырымдамасына сәйкес, ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 25 қарашадағы №793 қаулысымен Түркістан қаласының бас жоспары бекітілді. Осы бас жоспар еншісіне 22370 гектар жер телімі кіреді. Оған қала аумағының ішкі бөлігінде орналасқан тұрғын үйлер, кәсіпкерлік, әлеуметтік және басқа да көптеген нысандар көлік инфрақұрылымының қызыл сызығына енген. Көп қабаттан тұратын көп пәтерлі тұрғын үйлердің аумағына орналасқан. Осыған байланысты, Түркістан қаласы аумағының функционалдық аймақтарын салудың қала құрылыстық регламенті бекітілді. Бұл қала құрылыстық регламенті көп қабаттан тұратын көп пәтерлі тұрғын үйлердің аумағына еніп орналасқан нысандарға құжаттарды заңдастыруға мүмкіндікті қарастырды. Одан бөлек жер телімдерін заңдастыру барысында оң қорытындысы берілетін болады.

Сонымен бірге, бас жоспарда қарастырылған қызыл сызықтарды қазіргі қалыпқа өзгерте отырып, тұрғын үй аумақтарында қарастырылған жасыл аумақ саябақтарға өзгерістер енгізіле отырып бекітілді. Осыған байланысты, қала әкімдігі қала аумағындағы жер телімдерін заңдастыру барысында кедергілер болмайтындығын ескертеді.

Міне, осы бас жоспарды жүзеге асыру барысында кездескен қиындықтар мен оларды құқықтық жолмен еңсерудің іс жүзіндегі көрінісі туралы зеріттеп көрдік.

Сонымен бірге, бас жоспарда қарастырылған қызыл сызықтарды қазіргі қалыпқа өзгерте отырып, тұрғын үй аумақтарында қарастырылған жасыл аумақ саябақтарға өзгерістер енгізіле отырып бекітілді. Осыған байланысты, қала әкімдігі қала аумағындағы жер телімдерін заңдастыру барысында кедергілер болмайтындығын ескертеді.

 

«Осы Үкімет қаулысымен бекітілген Бас жоспар негізінде жұмысымызды жалғастырудамыз. Қала құрылысы құжаттамасы болғандықтан ол әртүрлі сатыдағы құжаттамалармен толығады. Алдымен қаланың бас жоспары әзірленсе, одан кейін қаланың егжей-тегжейлі жоспары жүзеге асырылды. Ол әрбір аумаққа, әрбір тұрғын алабына нақты салынуға тиісті инженерлік құрылыс нысандары, техникалық экономикалық көрсеткіштері бәрі сарапталып, егжей-тегжейлі көрсетілетін болады. Сондықтан жаңа бас жоспар бекітілген сәттен бастап, бізде қала аумағында тұрғын үй, әлеуметтік, коммерциялық-іскерлік, өндірістік, өзге де режимдік аймақтарға бөлінді. Орталық саябақтарға берілді. Осы бас жоспарға сәйкес қалақұрылыс регламентін бекіттік. Бүгінгі таңда бұл құжат қолданысқа беріліп, заңды күшіне енді. Қалақұрылыс регламенті дегеніміз- бұл тұрғын алқаптарда бас жоспарда қарастырылған мәселелерді қараймыз. Кейбір тұрғын үйлерді орналастыруға шектеу қойылған болса, регламентте осының бәрін нақтылап, егжей-тегжейлі көрсетіп отырмыз. Әрбір тұрғын алқапта қанша екені көрсетіледі. Бұрын бас жоспар бүкіл қала бойынша жасалды. Бұрынғы жоспарда тұрғын аумағында қандай нысандарды салу, салмау туралы көрсетілсе, қазіргі бекітілген қалақұрылыс регламентінде барлық сауда алаңдары 200 шаршы метрге дейінгі дүкендер, үй жайлық тұрғын құрылысы, блокты тұрғын үйлер, мәдени-әлеуметтік нысандар, көлік құралдарына қызмет көрсететін ғимараттары түгел белгіленеді. Мәселен, тұрғын үй алқабы болғандықтан кейбірі үйінен дүкен ашады. Бұрын регламент болмаған кезде жасалған, содан мәселе туындады. Қаладағы жер комитетінде бас тарту деген мәселелер көп қаралды. Бұл мәселелерді біз түбегейлі шешіп отырмыз» дейді мамандар.

 

«Көктемнің бір күні жылға азық» дейміз, қазіргі кезде қала тұрғындарының бірқатары бас жоспардың жариялы жүргізілмеуіне байланысты «қызыл сызықта емеспіз бе, тұрғын үйімізді мемлекеттік мұқтаждыққа мәжбүрлеп алып қоймай ма?» деген үреймен үй маңын абаттандыру, күрделі жөндеу, қосымша ғимараттар салу жұмыстарын бастай алмай отыр.

 

«Қазіргі таңда қала аумағында тұрғындарды қатты толғандырып жүрген мәселе – қала құрылыстық құжаттама бекітілгеннен кейін қызыл сызық мәселесі алдымыздан шықты. Негізі, Түркістан қаласының бас жоспарының аумағы 22370 гектарды құрайды. Бұл жаңа шекаралық белгі. Бұл бас жоспар бекітілген кезде, нақты жоспар әзірленбеген. Соған байланысты, бас жоспар негізінде қала аумағының 10189,6 гектар жер теліміне жаңадан нақты жоспарлау жобасы Бекзат, Шавғар, Сауран, Бірлік, Яссы, Отырар тұрғын алқаптарында әзірленді. Бұл өз кезегінде қала аумағына қала құрылысы жобаларын (егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары мен құрылыс салу жобаларын) әзірлеуі жөніндегі тәртіпті белгілейді. Барлығын түбегейлі шешеді. Бас жоспар бойынша еленбеген қызыл сызықтардың бәрін егжей-тегжейлі жобасында түзеттік. Нақтыладық. Кейбір азаматтардың үйі қызыл сызыққа түсіп, бүгінгі таңға дейін, қала құрылысы құжаттандыру барысында қорытынды ала-алмай қалған мәселелері болса, мұның барлығы бүгінгі таңда шешімін тапты. Қаладағы кез келген құрылыс нысаны қалалық құжаттамаға сәйкес, сәулет құрылыс бөлімінің рұқсатымен салынуы тиіс. Ол коммерциялық нысан бола ма, ойын-сауық ғимараттары бола ма, жай тұрғын үй болсын қала құрылыс құжаттамасына сәйкес болуы керек. Сондықтан да қазіргі таңда қызыл сызыққа, функционалды аумаққа кіріп кеткен тұрғын алқаптары бойынша да, шешімін тапты. Негізі қалақұрылыс құжаттамасы бойынша болашақта салынатын жолдар бар. Оны бас жоспардан алып тастау мүмкін емес. Сондықтан да біз алдағы уақытта қаланың басты артериясы болатын үлкен көшелердің қызыл сызығын қалдырдық. Дегенмен, тұрғын алқаптардағы қызыл сызықтардың барлығы заңдастырылды. Бұл мәселені 100 пайыз шешпесе де, басым бөлігі оң қорытындысын алатын болады. Өйткені, бұрынғы бас жоспар тұжырымдамасына сәйкес, жалпы үйлердің бір қабатын алып кететін болса, қиындық туады. Сондықтан егжей-тегжейлі жобада мұны шамалы кеңейтіп, қызыл сызықтан алыстау етіп орналастырдық. Қалақұрылыс құжаттамасына сәйкес саябақ, қорғау аймақтары дейтін түсінік бар. Әрбір инженерлік құрылымдардың қорғау аймағы болады. Мәселен, электр желілері, сорғы станциялары, электр станциялары болсын олардың адамның денсаулығына зиян келтірмейтін қорғау аймағы бар. Осылардың барлығы қалақұрылыс құжаттарында көрсетіледі. Оның сыртында қала ішінде бұрын қолданыста болған қазір ескірген мазарлар бар. Әрбір мазардың сыртынан 300 метрге дейін санитарлық қорғау аймағы бар. Көп қалаларда мұны білмегендіктен құрылыс салып тастағандары жиі кездеседі. Бұл жұмыстар алдағы уақытта тұрғындардың тарапынан өтініштер түсуіне байланысты нақты нәтижесін көрсететін болады. Өйткені, біз қала әкімі тарапынан құжаттардың бәрін рұқсат беру барысында осы бекітілген құжаттарды басшылыққа аламыз. Қысқаша айтқанда регламентке сәйкес қызыл сызық бойынша біздің қазіргі таңдағы атқарған жұмыстарымыз осындай.

 

Лауазым иелерінің бұған дейінгі есеп беру кездерінде шаһар 100 пайыз табиғи газға қосылды десті. Алайда, көптеген жер үйлердің маңына шырпысы орнатылғанымен оны үйлеріне кіргізуге қаржысы болмай, құжаттары түгелденбей отырғандары баршылық. Осыны есептегенде қанша пайыздық мөлшерде қалалықтар табиғи газбен қамтылды?

 

«Соңғы деректерге қарағанда, жалпы тұрғын үйлер бойынша 91 пайызы табиғи газға қосылып отыр. Бізде мәселе туғызып отырған бос алқаптарға орнатылған табиғи газ қондырғылары. Біздің жалпы жобамыз 52 мың абонентке арналып сызылған. Алайда, газды жүргізу барысында Тұран, Бекзат, Яссы мөлтек аудандарында және қаланың шеткі жаңа тұрғын алқаптарында қазіргі таңда әлі үй салынбаған бос алқаптар көп. Біздің жоспарымыз бойынша осы жерлердің барлығына табиғи газ қондырғысы жеткізілген. Шкафтар орнатылған. Осы бос игерілмеген жерлер біздің пайыздық мөлшерімізді төмендетіп отыр. Үйінің құжаттарын заңдастырмаған немесе үйінің ішкі жылу жүйесі жоқ үйлер де кездесуде. Жазғы үйде отырғандары да бар. Олардың көбісіне табиғи газ жеткізілгенімен қосыла алмай отырғандары бес мыңға жуық. Қала табиғи газ бойынша магистральдық желісімен үйлерге жеткізу нүктелерімен толықтай қамтылған. Алайда, әрбір үйге абоненттер өздерінің қаржысы есебінен кіргізіп алады. Оны арнайы лицензиясы бар мекемелер жүргізеді. Осы сәтті пайдаланып, тұрғындарға айта кететін хабарламамыз бар. Тұрғындар газ компаниясымен келісім-шартқа тұрған кезде қырағылық танытса дейміз. Себебі, қала аумағында табиғи газды құжаттандыруда біршама қиындықтар туындап отыр. Өйткені, газдандыру жұмысы жүргізілген кезде, көрші аудандардан, қалалардан келіп жұмыс жасаған мекемелер болды. Оның ішінде ниеті түзулері де, теріс пиғылмен жүргендері де бар. Тұрғындардың қаржысын жинап әлі күнге дейін міндетін орындамай келе жатқан компаниялар да бар. Біз олардың барлығын құқық қорғау орындары мен тиісті мекемелерге шара қолдану үшін жолдадық. Алайда, тұрғындар оны түсінбейді. «Әкімдік қайда қарап отырсыңдар? Неге бақыламайсыңдар!»,- деп бізге өкпелейді. Бұл нарықтық қатынас болғандықтан біз табиғи газды үйдің алдына шкафқа дейін апарамыз да, ішкі жүйелерін нарықтағы кез-келген компания жүргізуге құқылы. Осы орайда бәріне түсіністікпен қарап, қолдарындағы келісім-шартты мұқият оқып, сондағы міндеттемелердің қатаң орындалуын жеке компаниялардан талап етуін сұраймыз» дейді жауаптылар.

 

Табиғи газ жүргізу барысында бос жерлерге жүргізілген газ қондырғылары мен шкафтарындағы есептегіш құралдарының ұрлануы және оның орталық базарда сату оқиғалары да кездесті. Осындай қылмыстың алдын алу үшін қандай шара қолданып отырсыздардеген сұраққа  шенеуніктер «Мұндай жағдай 2021 жылы белең алды. Өзіміздің қала тұрғындарының арасында тым пысықтары бар. Бір жыл газ жағып, өзінің есептегіш құралын көршісімен алмастырып жібергендері де кездесті. Мұндай ұрлықпен бірнеше фактілер кездесіп, полиция қызметкерлерінің жедел іздестіру барысында ұсталғандары бар. Биыл былтырғыға қарағанда біршама тоқтады. Бұл мәселені полиция басқармасының басшысы тікелей өз бақылауына алып, қадағалауды күшейтті. Қазіргі таңда кейбір тұрғындар қоныстанбаған бос алқаптардағы құрал жабдықтарды жинап, жылу мекемесінің базасында сақтап отырмыз. Әрине, айдалада иесіз тұрған есептегіш құрал мен жабдықтарды алып кетуге кез-келген адамның ойы бұзылады. Иесі табылған алқаптың иелеріне шетінен табыстап жатырмыз. Мұндай ұсақ ұрлықтар қала толық табиғи газға қосылғанда тоқтайды деген үміттеміз» деді.

 

Бас жоспарға қайта оралсақ, бұл қатып қалған нәрсе емес. Сондықтан тұрғындардың талап-тілегін ескере отырып, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуге болатын шығар. Сонымен бірге бас жоспарға қатысты мемлекет мұқтаждығына алынатын жер иелерін ақпараттандырудың заманауи технологиясын қолданып отырсыздар ма?

«Бұл қаланың аумағы 22 мың гектар болғандықтан ондағы әрбір ғимаратқа тізім жасақтау мүмкін емес. Үйі маңына құрылыс жүргізгісі келетін тұрғындар немесе қалақұрылысы құжаттамасына қатысты мәселелер бойынша сәулет және қала құрылысы бөліміне келіп шешуіне болады. Себебі, әрбір адамның мәселесі жеке дара қаралады. Кейбір жаңадан көтерілетін нысандарды жоспарлап отырғандар қалақұрылысы құжаттамасын қатаң сақтауы тиіс. Ол заңда айқындалған. Ал, бас жоспар бекітілгенге дейінгі салынған құрылыс нысандары бойынша мәселе қазіргі таңда көтерілмейді. Себебі, қалақұрылас құжаттамасына дейін олар заңдастырылған. Жолды кеңейтуді жоспарласақ тиесілі құжаттары бар азаматтармен ақылдаса отырып, мемлекет мұқтаждығына қажетті жерлерді ресімдеудің мүмкіндігін қарастырамыз. Мұндай жағдайда ешкім де шығынға ұшырамайды. Бұл жерде айтарым, қалақұрылыс құжаттарының барлығы жоспар. Қатып қалған мәселе емес. Қала әкімдігі тарапынан өмір өзгеріп отырғандықтан соған сәйкестенеді. Мәселен, Түркістан туризм қаласы болғандықтан туризм, жеңіл өнеркәсіп дамыған болса, қазіргі заманауи технологияға ұласуы тиіс. Экономикалық үдерістерге сәйкес болашақта қала мүлдем басқа бағытта дамуы да мүмкін. Соған орай бас жоспарға, егжей-тегжейлі жоспарға үнемі өзгерістер мен толықтырулар қосылып отырады. Бұл өмірдің талабы. Әрбір қала тұрғыны осы бас жоспарға, құрылыс құжаттамасына байланысты кез-келген уақытта ақпарат ала алады» дейді тиісті маман.

 

Әрине, қазіргі таңда қала әкімдігінің жанында «Халықтық кеңсе» тұрақты жұмыс істейді. Әкімдіктің бүкіл бөлімдерінің құжаттары сол жерден қабылданады. Құжат қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында сәулет және қала құрылысы бөлімі жанынан ашық интернет ресурстарында портал әзірленіп жатыр. Ол жерден кез-келген қала тұрғыны мен қалаға келген қонақтар өздеріне қажетті ақпараттарды алу үшін қалақұрылысы құжаттары, инженерлік нүктелерге қосылу үшін де мәліметтер ала алады. Бас жоспардың барлық нұсқасы қала әкімдігінің интернет ресурсында тұрақты жарияланып отырады. Кез-келген адамға қолжетімді. Қазіргі таңда облыстық басқармада да осындай интернет ресурс бар. Онда бас жоспар, егжей-тегжейлі жоспар, ғарыштан түсірілген фото түсірілімдер жаңартылып отырады.

Leave a reply