ТҮРКІСТАН: “TURAN JASTARY” ФОРУМЫНДА ОБЛЫС ЖАСТАРЫ ҚАРАР ҚАБЫЛДАДЫ

0
140

Өткен аптаның демалыс күндері, 25-26 қарашада Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының тапсырыс беруімен “ЖАЛЫН” қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен “Turan zhastary” атты іс-шара өтті.

Шараның мақсаты – жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттік ұйымдарымен жастар ұйымдарының бірлескен тәжірибе алмасу алаңын құру.
Екі күнге созылған шара «Тау самалы» демалыс аумағында ұйымдастырылды. Жалынды жастардың басын біріктерген шараның ашылу рәсіміне Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы басшысы орынбасары Бахыт Сәрсенбайұлы Ахымбетов пен Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы отбасы және жастар мәселелері жөніндегі бөлім басшысы Нүркен Бауыржанұлы Аралбеков және “ЖАЛЫН” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Құрмет Керімбеков қатысты.

– Бүгінгі ұйымдастырылып отырған «Тұран жастары» шарасы – тәжірибе алмасу алаңы. Осы екі күнде сіздер бір-бірлеріңізбен тәжірибе алмасып, жаңа достар табады деп үміттенемін. Аталған шара әлеуметтік, кәсіптік, білім-дағдылық дамуларыңызға өз үлесін қосады деп сенеміз, – дейді Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы басшысы орынбасары Бахыт Сәрсенбайұлы Ахымбетов.

Шара аясында білікті спикерлер көкейкесті мәселелер бойынша семинар тренингтер өткізді. Спикерлер қатарында «Отырар» телеарнасының жүргізушісі, диктор Жанат Тоқтарбай мен Жанерке Құмар, Олимпиада чемпионы Сәкен Бибосынов, қоғам белсендісі Данияр Алан және облыстық қоғамдық кеңесі мүшесі Құрмет Керімбек, сонлай-ақ Түркістан облысы, жастар ресурстық орталығы басшысы Ерасыл Төлебаев, заңгер Ермек Бекбосынов, блогер Асхат Шотаев болды.

Әр спикер киберпсихология, қоғам алдында сөйлеу, NEET жастармен жұмыс жасау бойынша ұсыныс, сыбайлас жемқорлық, сондай-ақ мемлекет және жастар сынды тақырыптарда қызықты ақпараттармен бөлісті. Ал шараның хедлайнері Сәкен Бибосынов қызығы мен қиындығы қатар жүрген өз спорт жолын айтып, жастарға үлкен мотивация бере алды.
Пайдалы тренингтерден кейін жастар кешқұрым «Домбыра party» шарасына қатысып, өз өнерлерін көрсетуге мүмкіндік алды. Жастар қоңыр үнді домбыра күйін тыңдап, гитарамен әуезді ән шырқады.

Ал шараның екінші күнінде жастарға салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында мини-футбол ойыны өтті. Сайыс нәтижесінде жастардан құралған командалар легі өте тартысты ойын көрсетіп, жеңіске жеткен топ қаржылай сыйақыға ие болды.
I орын – “13 регион” командасы 200000 теңге сыйақы;
ІІ орын – “Тұран жастары” командасы 150000 теңге сыйақы;
ІІІ орын – “Жетісай” командасы 50000 теңге сыйақы;
ІV орын – “Бауырлар” командасы 50000 теңге сыйақы.
Ал “Үздік ойыншы” номинациясымен Сейсенбаев Сәулет, “Үздік Қорғаушы” номинациясымен Сапатай Мардан марапатталса, “Жартылай қорғаушы” Бектаев Ернар, “Үздік Шабуылшы” Мұхтарұлы Әсет атанды. Сондай-аұ “Үздік Қақпашы” номинациясымен Қайрат Ақтөре және “Үздік Капитан” номинациясына Әбдез Рахман ие болды. Ал “Үздік гол” соғушы Ибрагимов Ибраим атанды.
Форум соңында қатысушылардың облыс жастарына арналған Резолюцияны қабылдап, жастарды “Turan zhastary” платформасына белсенді қатысуға, облысымыздағы жастардың әлеуметтік, кәсіптік, білім-дағдылық дамуына өз үлесін қосуға шақырды.

Leave a reply