Түркістанда 1619 пәтерлі 24 тұрғын үй тұрғындарға тапсырылады

0
109

Түркістан қаласындағы өзекті мәселенің бірі, ол тұрғын үй кезегінде бүгінгі күні 14 473 азамат тіркелгендігі. Пайдалануға берілетін тұрғын үйлердің басым бөлігі ипотекамен берілуде.

Қазіргі таңда Түркістан қаласында өткен жылдан өтпелі болған 53 үйдің құрылысы жүргізілуде. Онда 3392 пәтер бар. Осы 53 үйдің 2706 пәтері кредиттік жүйемен сатылса, 686 пәтері кезектегі отбасыларға үлестірілмек. Биылғы жылдың 7 айында оның 113,6 мың шаршы метрі пайдалануға берілді, бұл көрсеткіш өткен жылдың 7 айымен (62,7 мың ш.м.) салыстырғанда 2 есеге артты.

Нәтижесінде 1773 пәтерлі 29 тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның 1447-і кредиттік жүйе бойынша рәсімделсе, 326-ы кезекте тұрғандарға үлестірілді. Қалған 1619 пәтерлі 24 тұрғын үйді қыркүйек-қазан айларына тапсыру жоспарланған. Оның 1278 кредиттік жүйемен сатылса, 341-і кезегін күткендерге берілетін болады.

Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков құрылысшыларға әлеуметтік қажеттілігі бар тұрғындарды үймен қамтамасыз ету бастамасын көтерген болатын.Бүгін сол бастама өз жемісін беріп, төрт отбасы қоныс тойын тойлады.

Бүгінгі таңда Түркістан қаласының алты секторының бірі Отырар секторында 130 көше, 50 750 тұрғын бар.Биыл тұрғындар сұранысы бойынша алабтағы 11 көшеге тас төгіліп, 2 шақырымды көшеге асфальт төселді. Жыл басынан бері 45 аялдама орнатылып, 4 көшеге жаяу жүргінші жолы салынды.Одан бөлек, секторға қатынайтын түрлі бағыттағы 28 автобус жаңартылды.Секторға қарасты көпқабатты тұрғын үйлер ауласында абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, автотұрақтар құрылысы жасалуда. Шағын аудандағы көпқабатты үйлер сырты сәулеттік жарықтандырумен қамтылды.10 трансформатор ауыстырылып, 25 шақырым жолға кәріз жүйесі тартылуда. Бұйыртса, қазан айында қосымша ауыз су құбыры құрылысы басталады. Алдағы уақытта мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында 2000 орындықты мектеп салу жоспарлануда.

Ал, қаладағы Яссы секторының І.Қожабаев көшесіндегі және Бірлік секторындағы балалар ойын алаңшалары көптің көңілінен шығуда. Сонымен қатар, мұнда 85 шақырымға кәріз жүйесі тартыла бастады. Мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында аталған секторда 600 орынды мектептің құрылысы қолға алынды. Кентау тас жолы бойы мен Бекзат секторында да балаларға арналған ойын алаңшалары ел игілігіне беріледі.

Жалпы қазіргі таңда қаланың бірнеше аумағында балалар ойын алаңшалары мен стрит воркауттар, шағын ойын алаңшалары салынуда.Жыл басынан бері шаһарда оннан астам балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті жиырмаға жеткізу көзделген.

Leave a reply