Түркістанда тағы бір мектептің құрылысы жүруде

0
110

 

«Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды.

Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың  заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз. Бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады»,- деген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Жолдауында мектеп құрылысын жандандыру керектігін айтқан болатын.

Осы ретте Түркістан қаласында  дарынды балаларға арналған мектеп-интернат салынып жатыр. Нысан әкімшілік-іскерлік орталықта орналасқан. Білім ұясында өңірдің барлық ауыл-аймағынан жиналған үздік оқушылар мен аса білімді балалар тәлім алады. Құрылыс барысымен танысуға келген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қауіпсіздікті сақтауды басты талап етті. Жұмыстың сапасының ұдайы қатаң бақылауда болатынын айтты.

Қасбетінің жобасымен танысып, жауаптыларға тапсырмалар берді.

— Мемлекетті дамытудың басты жолдарының бірі — адами капиталды арттыру. Бұл ретте сапалы білім беретін ордалардың маңызы айрықша. Түркістан шын мәнінде рухани орталыққа айналуы үшін білімді, мәдениетті жастар шоғырын тәрбиелеген жөн. «Дарын» мектеп-интернатына осындай міндет жүктеліп отыр. Сондықтан білім ошақтары барлық талапқа сай салынуы керек, — деді Д.Сатыбалды.

Өткен жылы басталған құрылыс жұмыстары келер жылы аяқталмақ. Жұмыс барысында ең сапалы деген құрылыс материалдары пайдаланылуда. 200-ден астам құрылысшы жұмылдырылған. Келер жылдан бастап «Дарын» мектеп-интернатында 500 оқушы білім алады. Білім ұясының жанында 700 балаға арналған жатақхана құрылысы қатар жүріп жатыр. Ғимараттың жалпы аумағы 30 мың шаршы метрден асады. 5 га астам жерде орналасқан. Нысанның құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Оқу корпусында ішкі әрлеу, ішкі инженерлік желілерін жүргізіліп, шатыры жабылуда. Сыртқы инженерлік жүйелері жүргізілген.

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды көпқабатты тұрғын үйлердің және әкімшілік ғимараты бар 20 қабатты екі тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында болды. Өзекті мәселелерді пысықтады. Заманауи кешеннің құрылысы шетел мамандарының атсалысуымен жүзеге асуда. Бизнес орталықтары бар биік ғимарат келер жылы пайдалануға берілмек. Құрылысқа 100-ден астам адам тартылған.

Айта кетейік, Түркістан қаласындағы мемлекеттік бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары саны – 34, ал жеке мектеп – 26.  Жалпы оқушы саны – 50 841.

2 ауысымда 30  мектеп болса, 3 ауысымда 4 мектепте оқиды:

1) Қазыбек би атындағы №14 ЖОМ, 2) М.Жұмабаев атындағы №15 ЖОМ,              3) Изатуллаев атындағы ЖОМ, 4) №23 ЖОМ. Олардың 21– мемлекеттік болса, 87 – жеке меншік.

Жалпы балабақшадағы балалар саны – 15 144.

Сонымен қатар қаламызда, мектептен тыс 7 мекемелелер бар.

Үйірмелерге қатысатын оқушы саны – 4 556, Қазіргі таңда қалада күрделі жөндеу жұмыстарын қажет ететін 11 мектептер бар.

3 аусымға өту қауіпі бар мектептер:

1. Хамза №2 мектебі орын тапшылығы 183,

2. Ж.Жабаев №11 орын тапшылығы 151,

3. Н.Төреқұлов №8 мектебі орын тапшылығы

2022 жылы – 2 мектеп күрделі жөндеуден өтті (Төле би №19 және М.Пошанов №21).

2022 жылы – 1  жеке мектеп салынуда «Бірлік» м/а.

Алдағы уақытта 9 мемлекеттік мектеп салу жоспарлануда:

2023 жылы – 2 мектеп РБ (Әмір Темір 300, Баянауыл 600 орындық)

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Жайлы мектеп» бағдарламасы бойынша 7 мектеп салынады. (ӘІО 3 мектеп  6000, Яссы м/а 2 мектеп 2100, Отырар м/а 1 мектеп 1200, Бекзат 1 мектеп 1200 орындық).

Leave a reply