МӘЖІЛІС ПЕН МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫН САЙЛАУДА 5 БЮЛЛЕТЕНЬ БЕРІЛЕДІ

0
99
Екі бюллетень Мәжіліс депутаттарын, үшеуі мәслихат депутаттарын таңдауға арналған.
Мәжіліс пен мәслихаттарға сайлауда дауыс беру үшін Қазақстан азаматтарына сайлау бюллетеньдерінің бес түрі ұсынылатын болады.
Орталық сайлау комиссиясы алдағы сайлауға арналған бюллетеньдердің келесі түрлерін мақұлдады:
– партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру үшін (көк түсті);
– бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру үшін (жасыл түсті);
– партиялық тізімдер бойынша сайланатын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астаналардың мәслихаттары депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру үшін (күлгін түсті);
– бір мандатты аумақтық сайлау округтері (қызғылт сары түсті)бойынша сайланатын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру үшін;
– сондай-ақ бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын облыстық маңызы бар қалалар мен аудандардың мәслихаттары (сұр түсті).
Бұл ретте соңғы бюллетень Астана, Алматы және Шымкент сайлаушыларына арналмаған. Бұл республикалық маңызы бар қалалардың тұрғындары тек төрт бюллетень алады.
Бұл сайлаудағы бюллетеньдер А5 форматында болады. Барлық бесеуін бір урнаға тастау керек.

Leave a reply