ЗАҢ САПАЛЫ БОЛМАСА, РЕФОРМАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСПАЙДЫ

0
109
Мемлекеттің дамуы оның саяси жүйесіне, уақыт талабына сай жүзеге асырылып отыратын реформаларға байланысты. Бүгінгі кезең бізден жаңаша ойлауды, жаңаша әдіс-тәсілдермен жұмыс істеуді қажет етіп отыр. Мемлекет басшысы VIII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде осы міндеттерді шешуді тапсырды.
– Алдымызда айрықша маңызды міндеттер күтіп тұр. Біз жан-жақты жаңғырту жұмысын күшейтуіміз қажет. Еліміз ұзақ уақыт бойы қолайлы сыртқы ахуалға арқа сүйеп келді. Неше түрлі тұжырымдамаларға, бағдарламаларға сенді. Атқарылған жұмыс туралы жалған есепке сенуге мәжбүр болды. Алайда, аса маңызды, өзекті мәселелер назардан тыс қалды. Халықтың тұрмыс сапасы әлі күнге дейін жақсы емес. Бай мен кедейдің арасы алшақтай түсті. Алдағы бес жылда Үкімет пен Парламент осы негізгі мәселелердің шешімін табуы қажет, – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.
Мемлекеттің басты байлығы саналатын адам үшін оның өмірі және оның өмір сүруіне қолайлы тұрмыс қажет. Ол үшін мықты заң, жоғары саяси мәдениет және сапалы білім керек. Заң сапалы болмаса, реформалар жүзеге аспайды. Осы құндылықтар ортақ игілікке айналғанда ғана қоғамда әділеттілік салтанат құрады.
“Мықты – Президент,ықпалды – Парламент,есеп беретін – Ұкімет” құру мақсатында елімізде өткен жылдың маусымынан бастап жүргізіліп жатқан конституциялық реформалар негізінде кезектен тыс сайлау өткізу арқылы халықтың айқын басым дауысымен үлкен үміт артқан Президентімізді жеті жылдық мерзімге сайладық.
ҚР Парламенті Сенатының құрамыжаңарды.Конституциялық Сот құрылып,жұмысын бастады.
Реформалардың жалғасы ретінде осы жылдың 19 қаңтарында Президент өз Жарлығымен ҚР Парламенті Мәжілісі,барлық деңгейдегі мәслихаттары депуттарының кезектен тыс сайлауын 2023 жылдың 19 наурызында өткізу жайлы шешім қабылдаған болатын. Сайлау заңнамасына енгізілген тағы бір ерекше өзгеріс – сайланған депутат өзінің міндеттерін тиісті дәрежеде орындамай,сайлаушылардың сенімін ақтамаған жағдайда заңмен белгіленген тәртіп бойынша сайлаушыларға депутаттың мандатын кері қайтарып алу құқығы берілгендігі.
Саяси жүйенің ең күрделі, ең маңызды элементі – мемлекет. Саяси жүйенің қоғамды басқарудағы ең орталық буыны – мемлекет. Біріншіден, ол саяси жүйенің билігін, мүдде-мақсатын іске асыратын ең негізгі аппараты. Екіншіден, мемлекет саяси жүйенің барлық элементтерін біріктіріп, саяси функция арқылы қоғамның игілікті құндылықтарын әділетті болу процесін басқарып отырады. Бұл процесті басқару, бақылап отыру дегеніміз – қоғамдағы қарым-қатынастарды, олардың өзара байланысын реттеп отыру, тұрақты, жақсы дамуын қамтамасыз ету.Қоғам – экономикалық және рухани біртұтастықпен, өмір сұру жағдайын ұйымдастырудың тұтастығымен сипатталатын, белгілі  бір аумақтағы адамдар бірлігі.Саяси жүйе – елдің саяси  өміріне қатысатын мемлекет пен  мемлекеттік емес қоғамдық құрылымдардың  біртұтас кешенде қарастырылуы.Сонымен, қоғамның саяси жүйесі    – мемлекетік және қоғамдық ұйымдардың, еңбек ұжымдарының бірігіп, елдің саяси өміріне кірісіп, қоғамды дамытуға, нығайтуға үлес қосуы.Саяси жүйенің ең күрделі, ең маңызды элементі       – мемлекет. Саяси жүйенің қоғамды басқарудағы ең орталық буыны         – мемлекет. Біріншіден, ол саяси жүйенің билігін, мүдде-мақсатын іске асыратын ең негізгі аппараты. Екіншіден, мемлекет саяси жүйенің барлық элементтерін біріктіріп, саяси функция арқылы қоғамның игілікті құндылықтарын әділетті болу процесін басқарып отырады. Бұл процесті басқару, бақылап отыру дегеніміз – қоғамдағы қарым-қатынастарды, олардың өзара байланысын реттеп отыру, тұрақты, жақсы дамуын қамтамасыз ету.Жоғарыда көрсетілген  саяси жүйенің элементтерінің даму процесінен қоғамда әр түрлі саяси  жүйелер қалыптасады: әкімшілік, жарыстық, әділетті- бірлік жүйелері. Қоғамның жақсы-жаман  дамуын осы жүйелер шешеді, соған  сәйкес саяси жүйе әр түрлері қалыптасып жатады.Адам қоғамы дамып, қалыптасып, өмірге келген күннен бастап міндетті түрде оның бағдарламасы, саясаты, биліктің түрі анықталады. Бұл жұмыстармен  шұғылданатын қоғамның саяси жүйесі. Ең алдымен қоғамның мүддесі мен  мақсаты анықталады. Қоғамдық бағдарламаны жасап, саяси биліктің мазмұнын толықтырып, олардың орындалу бағыттарын, жолдарын анықтап, іске асыру механизмін белгілейді.

Қазақстан Республикасының  Конституциясында елімізде азаматтық  қоғамды қалыптастырып, демократиялық  зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құру бағыттары көрсетілген. Бұл  бағыт мемлекетіміздің ең күрделі, ең жауапты мүдде-мақсаты.Қазіргі таңда біздің мемлекетіміз, жалпы қоғамымыз өз дамуының түбегейлі  жаңа сатысының алдында тұр. Мемлекеттігіміздің, тәуелсіздігіміздің негізін қалап, қуатты нарықтық экономика құрған соң  алдымызға өмір сапасы жоғары, бәсекеге лайықты ең дамыған елдер қатарына қосылу міндетін қойып отырмыз.Бүгінгі күн тәртібіндегі ең басты міндеттердің бірі ретінде  саяси саланы реформалау. Демократия – әлемнің өркениетті елдерінің таңдауы, яғни біздің де таңдауымыз. Тепе-тең  әрі демократиялық саяси жүйе ғана Қазақстанды модернизациялау  жөніндегі ұлығаусар міндеттерді  еңсере алады. Курстық жұмыстың мазмұнын толық ашу үшін, әр сұрақты жеке – жеке қарастырып өтелік. Қоғамның саяси жүйесі – бұл белгілі бір саяси функцияларды атқарушы мемлекеттік және мемлекеттік  емес әлеуметтік институттардың жүйесі. Мұндай институттардың қатарына қоғамдық өмірдің билікке байланысты саласына қатысушы мемлекет, партиялар, кәсіптік одақтар және басқа да ұйымдар  мен қозғалыстар жатады. Саяси  жүйе сыртқы және ішкі саясаттың жүзеге асуын қамтамасыз етеді, әлеуметтік топтардың мүдделерін қалыптастырады, білдіреді және қорғайды. Оның сипаты, ең алдымен, осы саяси жүйенің  пайда болған және өызмет ететін әлеуметтік ортасы арқылы анықталады:

1)       Еңбек нәтижелері саналы түрде мемлекеттік ұйымдасқан адамдардың ерекше тобымен бөлінетін әлеуметтік орта. Мұндай ортада меншіктің мемлекеттік және қоғамдық түрлері орын алады, өзіндік меншікке рұқсат берілуі мүмкін, ал жеке меншік мүлдем болмайды. Мұндай саяси жүйелерде мемлекеттік билік қоғамның экономикалық өміріне тоталитарлы түрде араласады; мемлекет идеологиясынан өзгеше ойлау басп- жаншылып отырады; мемлекеттік идеология, дін, мәдениет, білім, ғылым қалыптасады. Билікте тек бір саяси партия болады.

2)       Әлеуметтік ортаның екінші түрі қоғамның экономикалық өмірінің нарықтық – ақшалық негізіне, еркін кәсіпкерліктің тәжерибесі мен идеологиясына негізделеді. Мұндай саяси жүйелерде мемлекет нарықтық  экономика үшін жағдайларды ұйымдастырушы ретінде көрініс табады, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етеді. Мұндай жүйеде партиялар билікті сайлау компаниларына қатысу арқылы жаулар алуға тырысады, құқықтық нысандар саяси мақсаттарға жетудің негізгі құралына айналады.

3)       Әлеуметтік ортаны ұйымдастырудың үшінші түрі- аралас түр, ол конвергенция деген атқа ие болды. Конвергенциялық саяси жүйелер бір әлеуметтік ортадан екінші әлеуметтік ортаға өту кезінде пайда болады. Конвергенциялық саяси жүйелерге әртүрлі мақсаттағы және мазмұндағы көптеген саяси институттардың араласуы тән болып келеді.

Саяси жүйе қоғамның объективтік  даму процесінде қалыптасып, өміреге   келеді. Саяси жүйенің негізгі міндеті экономикалық, рухани. Мәдени базиска сәйкес қоғамдық биліктің мазмұнын анықтап, сол билікті орнату, дамыту, нығайту. Қоғам өзгерсе, саяси жүйе де өзгереді. Адам қоғамы өзінің диалектикалық даму процесінде бес формацияны басынан өткізіп отыр. Соған сәйкес саясаттың бес түрі бар. Себебі әр түрлі тарихи дәуерді әр қилы  оқиғалардың болуы жа заңды. Өйткені осы оқиғалардың бәрі де қажеттіліктен, қоғамның материалдық өмірі жағдайларынан туады. Қоғамдық заңдылық қоғамдық дамудың негізгі бағытын анықтайды, кездейсоқтықтың біразын қамти отырып, заңдылық өзіне қажеттілікпен жол табады. Қоғамдық заңдылық абсолюттік идея түрінде қоғамға сырттан тағылмайды, адам қызметі және оның әлеуметтік жағдайлары: өндіргіш күштер, өндірістік қатынастар, өндіріс өнімдері қосындысынан  туады.Адамдар тарихтың объективті заңдарын жасап немесе бұза алмайды, бірақ сол заңдар алдында  дәрменсіз емес. Тарихи даму заңдарын білу адамдардың ол заңдардың күшін  қоғамды қайта құру үшін пайдалануына мүмкіншілік береді. Белгілі бір  заң әсер ететін жағдайды өзгерту  арқылы адамдар оның нәтижесінің  түрін өзгертіп жағдайды өзгерту  арқылы адамдар оның нәтижесінің  түрін өзгертіп, көрінісін шапшаңдатады немесе баяулата алады.Міне, осы қоғамдық заңдылыққа сүйене отырып, саясат қоғаммен бірге өзгеріп, ескіріп, жаңарып, дамып  келеді. Саясаттың қоғамда атқаратын  жұмысы үшан- теңіз. Қоғамдағы барлық  мәселені реттеп, басқарып отыратын саясат пен мемлекет.Қоғамда бір мүдде-мақсат болады. Соған сәйкес қоғамдық билік  қалыптасады. Онсыз қоғамның мүдде-мақсатының дұрыс жақсы орындалуы мүмкін емес. Қоғамдық билікті реттеп, басқаратын қоғамның саяси жүйесі. Қоғамдық биліктің түрлері: саяси билік, мемлекеттік  билік, ұжымдық билік, ұйымдық билік  т.б. ірі-ұсақ биліктер. Саяси жүйе мемлекетепн  бірігіп қоғамның бағдарламасын, мүдде-мақсатын анқтап, оның бағыттарын, орындау механизмін белгілеп, міндетті нұсқау, бұйрықтар, іске асуын бақылап отырады.Саяси жүйеге мемлекет, бірлестіктер, ұйымдар, ұжымдар кіреді, мемлекет саяси жүйеден кейінгі  қоғамдағы ең күрделі, ең көлемді, ең жауапты аппарат. Қоғам көлемінде  атқаратын жұмыстың басым көпшілігі  мемлекеттің құзырында.Қоғамдық саясаттың  тарихи түрлері: алғашқы қоғамның саясаты- қоғамдық меншік, қоғамдық еңбек, қоғамдық, теңдік; кұл иелену қоғамының саясаты – феодалдың жерге меншігі және қоғамдағы үстемдігі; капитализм қоғамының  саясаты – капиталдың буржуазиялық үстемдігі; социализм қоғамының саясаты (теориялық  түрде, іс жүзінде толық болған жоқ) – жалпы қоғамдық бостандық, теңдік, әділеттілік т.б.

Әлеуметтік мазмұнына  қарай саяси жүйе бірнеше түрге  бөлінеді: демократиялық, либерал- демократиялық , шовинистік, ұлтшылдық, расистік, тоталитарлық, фашистік т.б. Қоғамдық ықпалына қарай  саясат жариялы және құпиялы болып  екіге бөлінеді. Идеологиялық бағытына сәйкес саясат үш топқа бөлінеді: оңшылдар, центристер, солшылдар.Бірлестіктердің, одақтардың, ұжымдардың, т.б. ұйымдардың атқаратын саяси жұмыстары өздерінің  ережелері-уставтарының мазмұнына  сәйкес келеді, өздерінің қоғамның құзырының шеңберінде жүргізіледі. Бәрінің жұмысын біріктіріп айтсақ – олардың қоғамдық мүдде-мақсатты орындауда, саясатты іске асыруда үлестері өте  зор. Мысалы: толып жатқан ұжымдар: зауыт, фабрикалар, акционерлік шаруашылық, өндірістік ұйымдар қоғамның материалдық, техникалық, әлеуметтік, экономикалық, мәдениеттік негізін дамытып  нығайтады. /2/Демократиялық саяси  жүйені қарастырған кезде оның негізгі  нысаны азаматтық қоғам туралы сөз  қозғаған жөн. Адам қоғамы қалай қалыптасты, оның себептеру қандай – бұл туралы бір қорытынды пікір жоқ. Бірақ  бұл түсінікті ең бірінші ғылымға  енгізген Адам Смит, Давид Рикардо, оған саяси сипаттама берген Гегель.Дүниежүзілік  ғылыми, саяси қайраткерлердің, ойшылардың айтуынша-  қоғам саналы адамдардың ерікті түрде бірігіп өмір сүруі. Бұл бірігудің негізгі себебі адамдардың бір мүдделігі, бір тілектестігі. Мұнсыз бірігу мүмкін емес.Мүдде екі түрлі  болады: жеке адамның мүддесі және қоғамның мүддесі. Қоғам осы екі  мүдде- мақсатты біріктіріп, дамытып  отырады. Осы объективтік даму процесінде адамдардың өзара ынтымақтастығы қалыптасты. Сол арқылы жеке адамның қолынан  келмейтін, әлі жетпейтін істерді  атқаруға мүмкіншілік туды. К.Маркс  қысқаша: «Қоғам- адамдардың өзара еңбек  жасауының одағы»,- дейді. Қоғамдық  мүдде-мақсат, қоғамдық тілек уақытша  емес, түпкілікті, нақты, объективтік  мағынада қалыптасуы керек. Сонда  ғана қоғамның жақсы дамуға, нығабға  мүмкіншілігі болады. Себебі қоғам  саналы адамдардың ерікті түрде  қалыптасқан одағы. Егер бұл  одақ, бұл бірлік ерісіз, озбырлық  түрде ұйымдастырылса, ондай қоғам  нәтижесіз тез тарқап кетер  еді. Адам қоғамның бірінші-  клеткасы. Қоғам адамдардың күрделі  әлеуметтік бірлестігі. Бұл бірлістік,  бұл қоғам дұрыс, жақсы даму  үшін оның  ішіндегі қарым-қатынастарды реттеп, басқару керек болды. Оны қоғамның объективтік даму процесінің заңдарына сүйене отырып, адамдар өздері әлеуметтік нормалар арқылы реттеп, басқарып отырады. Сондықтан мемлекет пен құқық пайда болды.

Қоғам – саналы адамдардың бір мүддені, бір мақсатты орындау  үшін сапалы түрде өзара бірігуі. Мұнда мәндетті түрде екі шартты элемент бар: мүдде-мақсаттың қалыптасуы және саналы адамдардың саналы түрде  бірігуі.Адамның объективтік  тарихи даму процесіне және күнделікті қарым- қатынасында қоғамның бірнеше  түрлері болады: өндірістік қоғам, шаруашылық қоғам, әлеуметтік қоғам, азаматтық  қоғам т.б. Осылардың ішіндегі ең күрделісі, ең түпкіліктісі адаммен  бірге дамып келе жатқан азаматтық  қоғаи. Қоғамның басқа түрлері тез  құрылып, тез тарап жатады. Олардың  өмірі, іс- әрекетінің шеңбері, кеңістігі  көп өлкеге жайылмайды, уақыты көпке  созылмайды.Азаматтық қоғам – мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Оған қатынасушылардың табиғи және азаматтық  құқықтарын, бостандығы мен міндетін автономиялық даму жолы қамтамасыз етеді.Азаматтық қоғамда  үзіліс болмайды, уақыты шектелмейді, өлкеге- аймаққа бөлінбейді, мемлекеттің  барлық жерін, барлық халқын біріктіреді.Азаматтық қоғам  мемлекетке тәуелді емес, дербес, ашық, жариялы қоғам. Қазақстанда азаматтық  қоғамның қалыптасу ерекшеліктері: кеңестік мейлінше мемлекеттендірілген  күйден шығу, қоғам мен мемлекеттің  арақатынасын тәуелсіз- дербестікке  дамыту. Қазақстандағы азаматтық қоғамның барлық даму сатыларын мемлекетке бағындырмастан  әлеуметтік бағдарлы нарық экономикасы мен  жеке адамның автономиясын тұрақты  қалыптастыру  үшін оған қажетті құқықтық жағдайлардың негізін қалайды.

 

Бақытжан БЕЙСЕМБАЕВ,
«Бітімгер» медиаторлар қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, кәсіби медиатор

Leave a reply