РЕФЕРЕНДУМ – ЕЛІМІЗДІҢ КЕЛЕШЕГІН АЙҚЫНДАЙТЫН ТАРИХИ ШАРА

0
113
Қазақстан өз дамуының жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр. Тәуелсіздіктің төртінші онжылдығында тепе-теңдікті күшейту арқылы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, елді одан әрі демократияландыру арқылы шық әрі әділетті қоғам орнату, экономиканы дамыту және ұлттық байлықтың игілігін барлық азаматтар пайдаланатындай жетілген әлеуметтік-экономикалық жүйе қалыптастыру, ал, ең бастысы, келер ұрпаққа өркениетті, іргесі берік, заманауи әрі озық мемлекетті мұра етіп қалдыру сынды ауқымды міндеттер тұр.
Осынау асқақ мақсатқа жету үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Жаңа Қазақстанды құруға бағытталған ауқымды реформалар қолға алынып жатыр. Бұл өзгерістердің негізгі алғышарттарының бірі – саяси реформалар. Себебі, саяси жүйені трансформацияламайынша экономика мен әлеуметтік саладағы реформалардың нәтижелі болуы екіталай. Сол себепті Президент биыл наурыз айындағы Қазақстан халқына Жолдауында саяси реформаларға басымдық беріп, оның негізгі бағыт-бағдарын айқындаған болатын.
Міне, саяси жүйеде жүргізілетін сол реформаларға берік құықтық негіз жасау үшін Қазақстан Республикасының Конституциясының 33 бабына 56 өзгеріс енгізілгелі отыр. Саяси реформаны Конституцияға өзгеріс енгізуден бастау өте көреген шешім деп есептеймін. Себебі, кез келген мемлекеттің саяси, экономикалық және әлеуметтік жүйесін дамыту үшін алдымен соның бәрінің негізінде жатқан құқықтық жүйені талапқа сай етіп алуымыз керек. Ал, республиканың Негізгі Заңына осыншама ауқымды өзгеріс енгізу барысында оны Парламент арқылы бекітумен шектелмей, республикалық референдум өткізу – өте маңызды шешім болып отыр. Иә, өзгерістерді Парламент депутаттарының қарауына ұсыну арқылы да заңдастыруға болады. Бірақ, референдум бүкіл халықтың еркі мен ой-пікірін жеткізуіне кең мүмкіндік ұсынып отыр. Яғни, Конституцияны референдум арқылы жаңарту оның легетимділік қуатын арттыра түседі десек, артық айтқандық емес.
Референдумға шығыралып отырған өзгерістердің негізгі бағыт-бағдарынан көпшіліктің хабары бар деп ойлаймын. Олар Президенттің кейбір өкілеттіліктерін қысқарту арқылы, биліктің бір қолға шоғырлануының және саяси монополияның алдын алу, сөйтіп, суперпрезиденттік жүйеден президенттік-парламенттік республикаға айналу. Сәйкесінше, Парламенттің ықпалын арттыру көзделіп отыр. Бір жағынан Мәжілістің заңшығарушылық функциясын күшейту көзделсе, екінші жағынан тікелей Мәжіліске есеп беретін Жоғары аудиторлық палата құру арқылы республикалық бюджеттің орындалуын бақылауды күшейту қолға алынбақ. Яғни, Мәжіліс бұрынғыдай заң жобасын мақұлдап қана қоймай, тікелей заңдарды қабылдайды. Сондай-ақ, Үкіметтің жұмысын қадағалап, одан халықтың атынан есеп алып отырады. Сонымен қатар Конституцияға енгізілетін өзгерістер мәслихаттардың рөлі мен өкілеттілігін күшейту арқылы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіруді және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың конституциялық тетіктерін күшейтуді де көздейді. Соның айқын мысалы ретінде өлім жазасын қолдануға түпкілікті тыйым салу жөніндегі норманы атап айтуға болады. Қорыта айтқанда, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдум – еліміздің келешегін айқындайтын маңызды шара. Онда қабылданатын шешім әрбір азаматтың өміріне, тұрмыс сапасына және өзі мен ұрпағының келешегіне ықпал етері сөзсіз.
Біздің еліміз көп жылдар бойы демократиялық өзгерістер жолымен жүріп келді. Трансформациялық жолда қабылданған шешімдер мен ауқымды жобалар соның дәлелі. Ал, күні кеше өткен референдум Жаңа Қазақстанды құрудың бастамасы бола отырып, мемлекеттің әділетті өзгерістерге бағытталған маңызды қадамы болды. Референдум – ел тарихындағы маңызды оқиға. 27 жыл ішінде алғаш рет қазақстандықтар қазіргі Қазақстанның ғана емес, сондай-ақ болашақ ұрпақтың тағдырына тікелей әсер ететін тарихи таңдау жасады. Референдумның сәтті өтуі өзгеріске дауыс берген әр қазақстандықтың азаматтық жауапкершілігінің нәтижесі іспеттес. Ел болып бірігіп, жұдырықтай жұмылған жұмыстың жүйелі нәтижесін айта кетсем. Жалпы, референдум аясында «AMANAT» партиясымен атқарылған жұмыстар мән-мағынаға толы болды. Оның ішінде, Amanat-тың қалалық филиалының мәслихат депутаттары, саяси кеңес мүшелері, белсенділері, БПҰ төрағалары қатарынан партиялық штаб құрылып, ақпараттық-түсіндірме жұмыстарының желілік кестесі әзірленді. Мәжіліс және қалалық мәслихат депутаттары елордамыздың бірқатар кәсіпорындары мен мекемелірінде кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесулер аясында азаматтардан мыңнан астам ұсыныстар мен өтініштер түсті. Қарапайым халықты келесідей әлеуметтік мәселелер алаңдатты: бірінші қажеттілікті тауарлар бағасының өсуі, зейнеткерлік жасты қысқарту, еңбекақы мөлшерін арттыру, жалға берілетін тұрғын үйді жекешелендіру. Сондай-ақ, өзгеріске ұшырайтын Ата Заңдағы баптар бойынша, жер қойнауындағы меншік құқығы, Конституциялық сот құру, депутаттардың мандаттарын кері қайтарып алу институтын енгізу және т.б. мәселелер көтерілді. Барлық ұсыныстар Мәжіліс депутаттарының жіті бақылауына алынатын болады. Аталған жиындар  әртүрлі форматта өтті және барлық әлеуметтік мәселелерді қамтыды. Педагогтар мен қоғамдық пікір көшбасшыларының ұсыныстары ерекше назарға алынды.
Конституцияда Мемлекет басшысының жақын туыстары мемлекеттік саяси қызметшілер мен квазимемлекеттік сектордағы басшылар лауазымдарына  тағайындалуға тыйым салынды. Түзетулердің келесі маңызды блогы құқық қорғау саласына: Конституциялық сот құру, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мәртебесін конституциялық деңгейде бекіту, өлім жазасына толық тыйым салу. Азаматтардың өтініш жасау мүмкіндігімен Конституциялық соттың құрылуы олардың құқықтары мен мүдделерінің сақталуын едәуір күшейтуге мүмкіндік береді. Жаңартылған Конституцияда жер, оның қойнауы, өсімдіктер мен жануарлар әлемі халыққа тиесілі екендігі, ал халық атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асыратыны бекітілген. Негізгі заңға өзгерістер енгізу – болашақтағы өзгерістердің бастауы. Мемлекеттік аппарат пен жалпы қоғам алдында елді жан-жақты жаңғырту жөнінде үлкен міндеттер тұр. Кезең-кезеңімен саяси қайта құру ұлттық экономиканы әртараптандыруға, Шағын және орта бизнесті нығайтуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға, көлік-логистика жүйесін дамытуға, мемлекеттік аппаратты бюрократиясыздандыруға, құқықтық саланы жаңғыртуға және т. б. ықпал ететін болады. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен референдумның қорытындысы бойынша халыққа үндеуінде:   “Референдумның нәтижелері біздің мемлекеттілігіміздің тарихында мүлдем жаңа тарауды ашады.
Гульнара Тлеубердиева, “Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының”
“Түркістан облыстық ұйымының” мүшесі

Leave a reply