Созақ ауданының тұрғыны жаңа кәсіпті дамытып отыр

0
149

Түркістан облысы Созақ ауданының тұрғыны тауықтың ерекше түрін көбейтіп келеді. Өмірбек Жұмабаевтың үйі шағын құс фермасы секілді. Алғашында мұны қызығушылықпен бастаған ол кейінгі 3 жылдан бері табыс көзіне айналдырған. Қазір Джерсий гигент деп аталатын 9 тауығы бар. Америкалық тұқымның әр қайсы 5-6 келіге дейін ет береді. Ал немістің Белефельдер тұқымы тұрқы жағынан біздің тауықтардан шағындау. Бірақ мойыны мен құйрығының ұзындығы қырғауылға көбірек ұқсайды. Ресейлік тауықтың да бірнеше түрі кездеседі. Кученский, Брикель қанаттыларының саны 20-дан асады. Хамгор қазы мен Тауыс құсын да осы жерден көруге болады. Кәсіпкер тауық жұмыртқасын үйде арнайы аппаратқа салып, балапан өргізеді. Қазір арнайы орын-жайларда жүзге жуық балапан өсіп жатыр. Басы артық жұмыртқаны құсқа қызығушылар сатып алатынын айтады.

Өмірбек Жұмабаев Созақ ауданының тұрғыны:

– «Мен мысалы, қызығып, шетелден, басқа қалалардан алдырамын. Құс асырайтын ағаларымыз бар солардан құсың жұмыртқасын қымбатқа сатып аламын. Сосын өзімнің аппаратыма салып аштырып, көбейтемін. Одан шыққан жұмыртқаларды елге сатамыз. Көбейту үшін жұмыртқаны да, балапанды да сатып алады. Қызығатын адам ақшасына қарамайды, алады. Құстың тұқымына қарайды, құсты танитын адамдар болса, біледі», дейді.

Leave a reply