ҚАЗЫҒҰРТТА ЖЕКПЕ-ЖЕК ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ

0
105
6 шілде – Астана күні мерекесі қарсаңында, Қазығұрт ауданы орталығында жекпе-жек ұлттық спорт түрінен жасөспірімдер мен юниорлар арасындағы республикалық сайыс басталды. Бірнеше күнге жалғасатын бұл чемпионатқа еліміздің 12 өңірлері мен қалаларынан командалар келіп, өз бақтарын сынайтын болады.
Дүбірлі доданың ашылу салтанатына Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов, Қазақстан Республикасының Жекпе-жек Ұлттық федерациясының президенті Ерназар Әлімбетов, аудандық мәслихаттың төрағасы Тайбек Қалымбетов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманбай Омаров және аудандық мәслихаттың депутаты қатысты. Азизхан Азимханұлы мерейлі мерекемен баршаны құттықтап, спортшыларға сәттілік пен жеңіс тіледі.
Осындай мерейлі мереке қарсаңында ұйымдастырылып жатқан атаулы спорт сайысының алар орыны ерекше.
Дені сау ұлт – бәсекеге қабілетті болады. Халқымыз ежелден денсаулықтың қадірін жете түсініп, оны басты байлыққа балаған. Осы қағиданы берік ұстанған мемлекетіміз ел халқының ойы сергек, дені сау болуы үшін бұқаралық спортты дамытуға бар мүмкіндікті жасауда.
Әрбір ұлт өзінің спортын насихаттайды. Жекпе-жек спорт түрі тарихта қазақ батырларының әскери-жауынгерлік өнері ретінде дархан даламызға кеңінен тараған. Осы тұста жас палуандарымыз бірнеше күндік сайыс кезеңінде білектілер мен жүректілердің қатарында бабалар салған ізді жаңғыртып, жалғастыратын болады.

Leave a reply