5 жасар қызды өлтіріп кетті: Күдікті ұсталды

0
116

Түркістан облысында полицейлер бес жасар қызды өлтірді деген күдіктіні ұстады. Бұл туралы Infonews сайты хабарлайды.

“Не молчи” қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі әлеуметтік желідегі парақшасында Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында бұрын сотталған ер адамның 2018 жылы туған қызды өлтіріп, ұсталғанын хабарлады.

Облыстық полицейлер 13 шілдеде Сарыағаш аудандық бөліміне әйел бала жоғалғанын хабарлап, арызбен жүгінгенін растады. Жедел іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері ауыл тұрғындарының бірінің үйінен дене жарақаттарымен қыздың мәйітін тапты.

“Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы “Адам өлтіру” бойынша тіркелді. Қазіргі таңда сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Барлық мән-жай анықталып жатыр, оқиға орнына полиция басқармасының басшылығы, аудан прокурорының орынбасары және жедел-тергеу тобы аттанды”, – делінген хабарламада.

Тергеу барысы Түркістан облысының полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.

Leave a reply