Түркістан облысындағы 5 жасар қыздың өлімі: Тоқаев істі мұқият тексеруді тапсырды

0
114

Мемлекет басшысына Түркістан облысының Сарыағаш ауданында 5 жасар қыз баланың өлтірілгені жөніндегі қайғылы оқиға туралы мәлімет берілді. Бұл туралы Infonews сайты хабарлайды. 

Ақорданың мәліметінше құқық қорғау органдары істі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр және күдікті анықталған. Күдікті бұған дейін кісі өлтіргені үшін сотталып, 10 жылға бас бостандығынан айырылған. Одан бөлек биыл оған адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін 3 жылға бас бостандығын шектеу жөнінде үкім шығарылған.

“Президент Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне болған қайғылы оқиғаның мән-жайын мұқият тексеруді тапсырды. Мемлекет басшысы биыл шығарылған сот үкімінің заңдылығын қарастыру және адамға қатысты аса қауіпті қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейту маңызды деп санайды. Баланың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз”, – делінген хабарламада.

Leave a reply