Thursday, November 21

ОРДАБАСЫ: РӘМІЗДЕР – ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ АЖЫРАМАС БӨЛІГІ

0
63


4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай “Жастар орталығы” ғимаратында салтанатты жиын өтті.
Шараға аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Ақмұратов, “AMANAT” партиясының Ордабасы аудандық филиалының жетекшісі Әлиасқар Бердімұратов, аудан прокуроры Абзал Қыдырбай, аудандық ішкі істер басқармасының басшысы Ғалымжан Қуашбаев, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы
Бақдәулет Ташпулатов, дербес бөлімдердің қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер мен жастар қатысты.
Салтанатты жиын Әнұранмен басталып, Мемлекетік Ту көтеріліп, Елтаңба төрге жеткізілді. Бұдан кейін аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Ақмұратов сөз алып, аудан тұрғындарына мерекелік құттықтауын жеткізді. Сондай-ақ еткен еңбектері еленген бірқатар азаматқа аудан әкімінің алғыс хатын табыстады.
Мерекелік шарада аудандық мәдениет үйінің әншілері отаншылдыққа шақыратын әндер шырқады.
Мақаламыздың соңында мемлекеттік рәміздердің қадір-қасиеті жайлы маңызды әрі қызықты мағлұматтарды ордабасылықтардың назарына ұсынып отырмыз. Мемлекеттік рәміздер – еліміздің дербестігі мен тәуелсіздігін күллі әлемге жария етуші әрі мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі, халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Яғни қазіргі таңда ұлттар мен ұлттық мемлекеттердің нағыз өзекті мәселелері экономика, саясат, қорғаныс саласымен емес, керісінше, ұлттың басты құндылығы болып табылатын ұлттық нышандармен тығыз байланысты.
Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұран – елдің саяси тәуелсіздігі мен егемендігінің рәміздері. Қазақстан мемлекетінің бұл басты нышандарының эталондары республиканың Тұңғыш Президентінің мұражайында сақталуда. Біздің жас еліміздің жаңа тарихының беттерінде мемлекеттік нышандардың орны ерекше.

Мемлекеттік рәміздеріміздің ресми бекітілуінің өз саяси тарихы бар. 1992 жылғы 4 маусымда ҚР Тұңғыш Президетінің Жарлығымен ҚР Мемлекеттік нышандары туралы заңға қол қойылды. 6 маусымда Президент резиденциясының және Жоғарғы кеңестің ғимараты үстінен Мемлекеттік ту көтеріліп, Елтаңба орнатылды. Дәл осы күні сол кездегі Алматы опера және балет театрында олардың тұсаукесер салтанаты өтті. 6 айдан соң, 1992 жылы 11 желтоқсанда Мемлекеттік Әнұранның да мәтіні бекітілді.

Бүгінде еліміздің жер-жерінде мемлекеттік рәміздер алаңы бой көтеруде. Елдің басты нышанына деген құрмет пен отансүйгіш азаматтардың көмегі арқылы салынған біздің аудандағы мемелекеттік рәміздер алаңы «Парасат алаңы» маңынан орын алған. 2019 жылдың маусым айында салтанатты түрде ашылған нысанды демеушілер өз қаражаты есебінен ауданға тарту еткен.

«Жәрдем» жауапкершілігі шектеулі се¬ріктестігі демеушілік жасаған жоба см嬬¬талық құны жеті миллион теңгені құрайды. Бұл алаң мемлекеттік қызметшілер мен құқық қорғау саласының мамандары ант қабылдайтын, Отан алдындағы борышын өтеуге кететін жас азаматтардың патриоттық сезімін оятатын алаңға айналуда.

Мұндағы мемлекеттік Тудың ұзындығы 2 метр және ені 1 метр, ортасында 32 шұғылалы күн, оның астында қыран белгіленген көгілдір түсті көк матадан тұрады. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік шолақ түрінде нақышталған.

ҚР Мемлекеттік Туының авторы танымал суретші, еңбек сіңірген өнер қайраткері – Шәкен Ниязбеков.

– Әзірлік барысында бірнеше шығармашылық сәттерді еске алғым келеді. Бәрінен бұрын, мен үшін ең бастысы Тудың түсі болды. Мен біздің мемлекетіміздің көп ұлтты екенін, онда өмір сүріп жатқан барлық халықтың тең құқықты екенін ойлап, көк түсті таңдап алдым. Аспан – ол бөлуге келмейді, ол баршамыз үшін бірдей. Сол себепті де көк түсті таңдадым. Алайда көк аспанның күнсіз болуы мүмкін бе? Күнді бердім. Ал Қазақстанның қандай болуы тиіс екендігін ұзақ ойландым. Қыранға тоқтадым.Тұңғыш рет өз тәуелсіздігін алған Республика әлемде жоғары деңгейге көтерілді және оны еркін бостандықтың символы тәрізді қанатын кеңге жайып, қалықтаған қыран бейнесімен бердім. Ал біздің Туымыз көптеген елдерде өзге мемлекеттік тулармен қатар Біріккен Ұлттар Ұйымында жілбіреген кезде, «бұлардың ішінде қазақстандық ту қайсы?» деп сұрауы мүмкін. Сол себепті тудың сабының тұсына ұлттық өрнекті нақыштадым, – дейді мемлекеттік нышан авторы Шәкен Оңласынұлы жеке мұрағатындағы бейнежазбады.

Мемлекеттік Елтаңбаның авторларының бірі Шота Уәлиханов шаңырақты түсінде көріпті. Екінші автор Жандарбек Мәлібеков Елтаңбаны жасау барысында Кемал Әкішовтің «Алтын адам» кітабына жүгіне отырып, қанатты пырақтың аңыздық бейнесін көшпенді адам нышаны ретінде алады. Мемлекеттік Елтаңбаның басты белгісі уықтар көтерген шаңырақ болып табылады. Уықтар ол Қазақтанның территориясында өмір сүретін барлық этностарды белгісі. Композицияның тағы бір белгісі ай мүйізді, қос қанатты пырақ. Жылқы бейнесі баяғыдан-ақ қазақтың батырлығы мен ержүректігін бейнелейді. Мемлекеттік нышанның төбесінде бесбұрышты жұлды бар. Ол Тәуелсіз Қазақтанның құшағы бес құрлықтың өкілдеріне де айқара ашық дегенді білдіреді. Ал төменгі бөлігінде еліміздің атауы алтын әріптермен жазылған. Елдің мемлекеттік нышанының авторлары оның өн бойына қазақстандықтардың бейбітсүйгіш болмысын бере білген.

Мемлекеттік Гимн грек тілінен аударғанда «ерекше, барлық маңызды жағдайларда орындалатын салтанатты ән» дегенді білдіреді. Жерлесіміз жазушы Ә.Тәжібаев айтқандай «Гимн – бұл сөзден тоқылған мемлекет туы». Ол елдігіміздің нышаны.

Осы кезеңге дейін Мемлекеттік Гимннің сөзі мен әні бірнеше рет өзгерді. Алғашқы мәтіндік конкурсының авторлары М.Әлімбаев, Қ.Мырзалиев, Т.Молдағалиев және жерлесіміз Ж.Дәрібаевалар жеңіске жетті. Бес жыл өткеннен кейін ғана 2006 жылы жаңа Мемлекеттік Гимн пайда болды. Оның негізі ретінде халықтың арасында кеңінен танымал «Менің Қазақстаным» патриоттық әні таңдалынып алынды. Ол әнді Шәмші Қалдаяқов 1956 жылы Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазған болатын. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әнге мемлекеттік Гимн жоғары мәртебесін беру және анағұрлым салтанатты шырқалуы үшін музыкалық туындының бастапқы мәтінін өңдеді. Қазақстан Парламенті 2006 жылы 6 қаңтарда палаталардың бірлескен отырысында «Мемлекеттік рәміздер туралы» Жарлыққа тиісті түзету енгізіп, еліміздің жаңа мемлекеттік Гимнін бекітті.

Қорыта келгенде, еліміздің ежелден аңсаған Тәуелсіздігіне қол жеткізіп, қазақ ұлтының салт-дәстүрі мен әдетғұрпының қайта жаңғыруы, мемлекеттік рәміздердің бекітілуі егемен еліміз үшін ерекше құбылыс. Сондықтан мемлекеттік рәміздерді қастерлеу азаматтарымыз үшін басты міндет болып табылуы тиісті. Сондайақ ұлтаралық татулық пен бейбітшілікті насихаттау жолында және мемлекетіміздің әлемдік деңгейде танылып өзіне тән белгілерімен дамыған елдер қатарынан орын алуы үшін төл нышандарымыздың атқаратын қызметі айрықша.
Мемлекеттік рәміздер ұлттық біре¬гейліктің қалыптасу тірегі және әрбір мемлекеттің дамуының ажырамас бір бөлігі болып табылады. Рәміздер тарихы алғашқы қоғамдағы тотемге табынудан бастап, кейін түркілер дәуіріндегі көк бөріге табыну, Орта ғасырдағы хандықтар мен патшалықтардың елтаңбалары мен жалау¬лары және теңгелеріндегі айшықты бел¬гілерімен сабақтасады. Қазіргі кезде елі-міздің мемлекеттік рәміздері оның бетке ұстар құжаты сияқты бірегей негіздері мен салт-дәстүрін айқындап көрсетеді. Көп көлемде мемлекеттік биліктің рәміздері кез келген мемлекеттің негізін құрайтын тұжы¬рымдамасы – ұлттық идеяда көрініс табуы тиіс. Ал нақты ұлттық идея тікелей сол халықтың арасында қалыптасады. Саяси жүйенің көшбасшылары уақыт өте келе ауысып отыруы мүмкін, бірақ халық өзінің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан, ғасырлар бойы иемденген және жоғалтып алған ұлттық құндылықтарымен, жағымды және жағымсыз қасиеттерімен қалады, сонымен қатар өзара ұлттық менталитетті қалып¬тастырады. Мемлекеттік рәміздер мә¬дениетіміз, тарихымыз бен менталитеті¬міздің көркем туындысы болуы керек. Еліміздің азаматтарының рәміздерге деген қарым-қатынасы, олардың қаншалықты деңгейде өздерін осы елдің азаматы санайтындықтарының және болашаққа сенімінің, отансүйгіштіктің көрсеткіші іспеттес.
Жоғарыда айтылғандай, мемлекеттік рәміз бойынша елімізді тануға және оны бүкіл әлемге танытуға болады, өйткені онда халқымыздың бүкіл бастан кешкен тарихы, бүтіндей мәдениеті жатыр, сон¬дықтан ол отансүйгіштік сезімнің бастау көзі бола алады.
1992 жылдың 4 маусымы Қазақстан Республикасының рәміздері бекітілген күн болып тарихта қалды. 2007 жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қол қойып бекіткен «Қазақстан Республикасының мем¬лекеттік рәміздері туралы» Кон¬сти¬ту¬циялық Заңы мемлекеттік рәміз-дерімізді пайдалану тәртібін нақты белгілеп берді. Мемлекетіміздің Елтаңбасы қазақ тіліне аударғанда, ол «таңба», «белгі», тіпті «мұ¬ра» деген мағына береді. Бұл термин ежелгі түркі қағанаты (551-630 жылдар) кезінен бастап қолданыла бастаған. Қазақстанның қазіргі таңдағы Елтаңбасы үлкен еңбектің арқасында, екі сәулеткер Жандарбек Мәлібек пен Шота Уәли¬хановтың шығармашылық ізденістерінің нәтижесінде дүниеге келді. Елтаңбадағы шаңырақ – өз ұлтымызға ғана тән, сәтті таңдалынған нышан. Шаңырақ қай кезде де қазақ үшін отбасының берекесі мен тыныштығының белгісіндей қызмет атқарып келген. Елтаңбамыз еліміздегі барша халықтарды бір шаңырақтың астына шақырып, біздің ортақ үйіміз Қазақстанның мықты уықтарына айналуды үндейді.
Кез келген халықтың тарихында за¬манында сол халыққа күш-қуат берген, рухын жанып, жігерін шыңдаған музыкалық шығармалары бар. Ол тарихтың белгілі бір уақытында сол жұрттың Әнұранына ай-налған. Мұндай әндер қазақ халқында да көп. Соның бірі – жоңғар шапқыншылығы кезіндегі қазақ халқының ауыр тауқыметін көрсетуге арналған «Елім-ай» әні. Бұл ән жоңғар шапқыншылығынан зардап шегіп, қансыраған халықтың қайта ес жиып, күшеюіне әсер еткен, сол сияқты басқа асыл сезімдерді бойына жинаған керемет ән болды. Осындай бір екінші ән – «Менің Қазақстаным». Бұл шығарма Қазақстан КСРО құрамында болған тұста қазақтың намысын қайрау мақсатында өмірге келді. Ақын Жұмекен Нәжімеденов пен сазгер Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылық бірлестігінен туындаған «Менің Қазақ¬станым», шын мәнінде, қазақ халқының рухын көтерген, келер күнге деген сенімін арқалаған бейресми Әнұран болды. Ал заман талабына сай, 2006 жылғы қаң¬тардың 6-сында Парламент палата¬ла¬рының бірлескен отырысында «Мем¬лекеттік рәміздер туралы» Жарлыққа түзетулер енгізілгеннен кейін, яғни қаң¬тардың 10-ында «Менің Қазақстаным» ресми түрде Әнұран болып бекітілді. Сөйтіп, бұл күн тарихқа еліміздің жаңа Әнұранының туған күні ретінде жазылды. Әуенін Шәмші Қалдаяқов, сөзін Жұмекен Нәжімеденов.
Қазіргі уақытта мемлекеттік рәміздерді білмейтін адам кемде-кем шығар. Өйткені мемлекеттік рәміздер педагогикалық білім беру жүйесінде және білім беру тәжірибесінде айтарлықтай табыстарға қол жеткізуде. Мемлекеттік рәміздер мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде тәрбиелік жұмыстың бір бөлігі болып табылуда, сондай-ақ жалпы білім беру мектептері мен ҰБТ бойынша арнайы пән ретінде енгізілген. Бүгін ереже бойынша жастар өз мемлекетінің рәміздерін ата-аналарына қарағанда жақсы біледі.
Қорыта келе айтарымыз, еліміздің ежелден аңсаған Тәуелсіздігіне қол жет¬кізіп, қазақ ұлтының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының қайта жаңғыруы, мемлекеттік рәміздердің бекітілуі болашақ дамуға бет алған егемен еліміз үшін ерекше құбылыс. Сондықтан мемлекеттік рәміздерді қас¬терлеу азаматтарымыз үшін басты мін¬дет болып табылуы тиісті. Сондай-ақ ұлтаралық татулық пен бейбітшілікті насихаттау жолында және мемлекетіміздің әлемдік деңгейде танылып өзіне тән белгілерімен дамыған елдер қатарынан орын алуы үшін төл нышандарымыздың атқаратын қызметі айрықша.

Leave a reply