Қазығұрттық спортшы Қазақстан чемпионатына қатысты

0
125
Өскеменде дзюдодан өткен Қазақстан чемпионатында Қазығұрттық спортшы II- орын иегері атанды.
Спорт саласындағы әрбір жетістік елдің мерейін асырады. Сондықтан салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылданатын жандарға көпшілік зор сенім артады. Сол сенім үдесінен шыққан спортшыға көрсетілетін құрметте ерекше болуы тиіс.
25-26 маусым күндері Өскемен қаласында 14-15 жас аралығында дзюдодан Қазақстан чемпионаты өткен болатын. Чемпионатқа еліміздің түкпір-түкпірінен дарынды спортшылар жиналып, бақ сынасты. Байрақты бәсекеге Қазығұрт ауданының спортшылары да қатысып, жеңіс тұғырынан көрінді. Атап айтсақ, 50 келі салмақ дәрежесінде ақтық белдесуде Қазығұрттық Үсенов Ерік II-орын иегері атанды.
Жаттықтырушысы Н.Наушабековтың айтуынша шәкірті Е.Үсенов бұған дейін, 2022 жылдың сәуір айында, Астана қаласында өткен Қазақстан Республикасының 2009-2010,2011-2012,2013-2014 жылы туылған жасөспірімдер арасында дзюдо күресінен Республикалық ашық турнирдің I-орын иегері, 2022 жыл мамыр айының 6-9 күндері Дзюдо күресінен 2009-2010 жылы туылған жасөспірімдер арасында Орынбор қаласында өткен «Евразиа кубогі» турнирінде I-орын иегері, 2022 жылдың желтоқсан айының 14-20 күндері аралығында Ақтау қаласында дзюдо күресінен өткен «Aktau Open Cup» турнирінің I-орын иегері, 2023 жыл мамыр айының 24-27 күндері аралығында дзюдо күресінен 2008-2009 жылы туылған жасөспірімдер арасында Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылының «Оқсыз» спорт кешенінде өткен, Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай Түркістан облысының чемпионатында I-орын иегері, 2023 жыл мамыр айының 10-15 күндері аралығында дзюдо күресінен 2008-2009, 2010-2011, 2012-2014 жылы туылған жасөспірімдер арасында Алматы қаласында өткен KHAMZA OPEN CUP III Республикалық турнирінің I-орын иегері атанған.
Байрақты бәсекелерде топ жарып жүрген жерлестерімізге әркез құрметіміз мол. Ел чемпионатындағы жеңісімен Е.Үсеновты құттықтап, әрдайым жеңіс тұғырынан көрініп елім беделінің артуына үлес қоса беріңіз деген тілегімізді білдіреміз.

Leave a reply